Реферат: Етістіктің шақтары туралы жалпы мағлұмат

1.1 Қимыл іс-әрекет белгілі бір уақыт кеңістігінің аралығында болады. Мұны етістіктің шағы деп атаймыз. Қимыл іс-әрекеттің орындалатынын, орындалуға тиістілігін, орындалғандығына қарай яғни іс-әрекеттің өту уақытын – осы, өткен және келер шақты білдіру үшін ағылшын етістігі етістіктің төрт шағында жұмсалады.

Олар: 1. Белгісіз шақ тобы (Simple Tenses)

2. “Созылмалы” шақ тобы (Continuous Tenses)

3. Аяқталған шақ тобы (Perfect Tenses)

4. Аяқталған созылмалы шақ тобы (Perfect Continuous Tenses)

1.2 Белгісіз шақ тобы (Simple Tenses)

Бұл топ белгісіз осы шақ (Present Simple Tense), белгісіз өткен шақ (Past Simple Tense) және белгісіз келер шақтан (Future Simple Tense) тұрады. Simple тобының шақтарының басқа топтардың шақтарынан ерекшелігі: іс-әрекеттің өту айғағының констациясын ғана осы, өткен және келер шақтарда береді, оның ұзақтығын, аяқталғандығын және басқа бір іс-әрекетке немесе сәтке қатыссыз екендігін көрсетпейді.

1.3“Созылмалы” шақ тобы (Continuous Tenses). Бұл топ созылмалы осы шақ (Present Continuous Tense), созылмалы өткен шақ (Past Continuous Tense) және созылмалы келер шақтардан (Future Continuous Tense) тұрады. Continuous тобының шақтары осы шақ, өткен және келер шақтың белгілі бір уақытында басталып және болып жатқан, болған, осы сәтте болатын созылмалы іс-әрекетті білдіру үшін қолданылады.

1.4 Аяқталған шақ тобы (Perfect Tenses). Бұл топ аяқталған осы шақ (Present Perfect Tense), аяқталған өткен шақ (Past Perfect Tense); және аяқталған келер шақтан (Future Perfect Tense) тұрады. Perfect тобының шақтары осы, өткен, келер шақтардың белгілі бір сәтінде жасалған іс-әрекетті білдіреді.

1.5 Аяқталған созылмалы шақ тобы (Perfect Continuous Tenses). Бұл топ аяқталған созылмалы осы шақ (Present Perfect Continuous Tense), аяқталған созылмалы өткен шақ (Past Perfect Continuous Tense), аяқталған созылмалы келер шақтан (Future Perfect Continuous Tense) тұрады. Perfect Continuous тобының шақтары осы, өткен, келер шақтардың белгілі бір кезеңіне дейін жалғасып, осы кезеңді қоса белгілі бір уақыт мерзіміне дейін созылған созылмалы іс әрекетті білдіреді.

1.6 Бұл түрлерден басқа етістіктің “өткен шақтағы келер шақ” (Future in the Past) деген де түрі бар. Ол келер шақта айтылған сәтке қатысты емес, өткен шаққа байланысты, яғни өткен шақта сөз болған келешекте болатын іс-әрекетті білдіру үшін қолданылады.

еще рефераты
Еще работы по иностранным языкам