Реферат: Етістіктердің жіктелуі
2.1 Тілдік қолданыс қызметіне қарай етістіктер төмендегідей түрлерге бөлінеді: Сөйлемде баяндауыш қызметін атқаратын мағыналық етістіктер. He comes here every day. Ол бұнда күнде келеді.
Байланыстырушы етістіктер. Байланыстырушы етістіктер күрделі баяндауыштың есім бөлігімен қосылып күрделі баяндауыш құрайды. Мысалы: He is an engineer – Oл инженер. It grew cold – Суытты
2.2 Ағылшын тілінде көмекші етістіктер етістіктің аналитикалық түрлерін жасау үшін пайдаланылады. Аналитикалық тәсіл дегеніміз – сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі, қысқаруы арқылы жасалуы. Көмекші етістіктердің көмегімен сұраулы және болымсыз сөйлемдер құралады. Бұл арада көмекші етістіктердің қызметін be, have, shall, will, would, do етістіктері атқарады. Мысалы: I am studying English – Мен ағылшын тілін үйреніп жүрмін.
2.3 Етістіктердің жақ категориясына қатысты қызметі оның 2 түрін анықтайды. Ағылшын тілінде етістіктің жақты және жақсыз түрлері болады. Жақты етістіктер І, ІІ, ІІІ жақта; көпше, жекеше түрді; осы, өткен, келер шақты; бұйрық, ашық, шартты райды білдіре алады. Осының арқасында жақты етістіктер сөйлемде баяндауыштың қызметін атқарады.
Етістіктің жақсыз түріне: Infinitive: to increase
Participle I: increasing
Participle II: increased
Gerund: increasing жатады. Жақсыз етістіктердің жақты етістіктерден айырмашылығы олар өз бетімен баяндауыштың қызметін атқара алмайды.
Етістіктің шақтары (THE VERB TENSES)