Лекция: HTML-құжатының түстік гаммасы.
Құжаттың негізгі бөлігі <BODY> тэгінің ортасына HTML-құжатының түстік гаммаларын, келесі атрибуттармен анықтауға болады. Олар төмендегі түрде жазылады:
| Атрибут | Атқаратын қызметі |
| BGCOLOR | Құжаттың жалпы фон түсін анықтайды. |
| TEXT | Мәтін әріптерінің түсін анықтайды. |
| BACKGROUND | Мәтіннің фонында орналасатын суретті анықтайды, ол түсқағаз (обои) рөлін атқарады. Суреттік файлдың типі gіf немесе jpg болуы тиіс. Суреттің мекен-жайы көрсетілсе, ол Интернет желісінен тауып алынады. Мысалы: <body bgcolor=lіghtyellow text=red background=«face.jpg»> |
HTML тілінде түрлі түстер он алтылық сандар түріндегі RGB тәсілімен берілуі де (COLOR="#C0FFC0"), мүмкін, оның мүмкіндігі өте мол. Мұндағы алғашқы екі сан қызыл түс бөлігін, келесі екі сан – жасыл түс бөлігін, соңғы екі сан көк түс бөлігін анықтайды.
Жоғарыдағы көптеген параметрлер түсті пайдаланады, олар ағылшын тіліндегі негізгі он алты түс атымен немесе солардың кодтарымен төмендегідей түрде беріледі.
| Аты | коды | Аты | Коды |
| Blaсk (қара) | “#000000” | Green (жасыл) | “#008000” |
| Silver (күміс түсті) | “#C0C0C0” | Lime (лимон түсті) | “#00FF00” |
| Gray (сұр) | “#808080” | Olive (кофе түсті) | “#808000” |
| White(ақ) | “#FFFFFF” | Yellow (сары) | “#FFFF00” |
| Maroon (қызыл күрең) | “#800000” | Navy (қара-көк) | “#000080” |
| Red (қызыл) | “#FF0000” | Blue (көгілдір) | “#0000FF” |
| Purple (күлгін) | “#800080” | Teal (шәй түсті) | “#008080” |
| Fuchsia(қызғыш) | “#FF00FF” | Aqua (көк ) | “#00FFFF” |
еще рефераты
Еще работы по информатике
Реферат по информатике
HTML-құжатының негіздері
10 Января 2016
Реферат по информатике
HTML-құжатында суреттерді бейнелеу.
10 Января 2016
Реферат по информатике
HKEY_USERS – содержит все активно загруженные пользовательские профили, включая HKEY_CURRENT_USER, а также профиль по умолчанию.
10 Января 2016
Реферат по информатике
Have, own, possess
10 Января 2016