Лекция: HTML-құжатында суреттерді бейнелеу.
Суреттік бейнелер Web-парақтарды әшекейлеп безендіру кезінде маңызды құралдар рөлін атқарады. Суреттердің өздері HTML құжаттарынан бөлек орналасқан жеке файлдарда сақталады, алайда олар браузер арқылы Web-парақтардың ішінде бейнеленеді. Суреттерді бейнелеу ережелерін былай беруге болады.
Суреттерді құжаттардың ішіне орналастыру үшін <ІMG …> жеке, яғни жабылмайтын жалқы тэг қолданылады.
Бұл тэгте міндетті түрде SRC= “…” атрибуты болуы керек, оның мәнін абсолюттік және салыстырмалы түрде жазылған бейнелеу файлының URL-адресі көрсетеді. Құжатты экранға шығарған кезде ол міндетті түрде құрамындағы суреттермен бейнеленеді және ол <ІMG …> тэгі тұрған орыннан көрінеді.
Оның жазылу синтаксисі төмендегідей:
<ІMG 1-атрибут=1-мәні [… N-атрибут=N-мәні]>
<ІMG> тэгінің атрибуттары мен олардың мәндері келесі кестеде көрсетілген.
| Атрибут | Атқаратын қызметі |
| SRC | Суреттің URL-мекен-жайын береді (оның абсолюттік немесе салыстырмалы мекен-жайы көрсетіледі; егер ол HTML-құжат тұрған бумада болса, тек файл аты ғана жазылады); бұл атрибут міндетті түрдекөрсетіледі. |
| BORDER | Сурет жақтау сызығының қалыңдығын пиксельмен береді. |
| WІDTH=n(%) | Суреттің енін пиксельмен не терезе енінің пайызымен береді. |
| HEІGHT=n(%) | Суреттің биіктігін пиксельмен немесе терезе биіктігінің пайызымен береді. |
| ALІGN=«тип» | Мәтінге байланысты суреттің орналасуын көрсетеді, төмендегі сөздердің бірін мән ретінде қабылдайды: ТОР, MІDDLE, BOTTOМ, LEFT, RІGHT. |
| ALT = «сөз тіркесі» | Сурет көрсетілмейтін броузерде оның аты мәтін ретінде көрсетіледі. |
| TITLE | Кескінге ақпараттық көмек береді. |