Лекция: Жасушаның гипоксиялық зақымдануы кезіндегі теңгерілулік құбылыстарға жатқызуға болады
A) Na/КАТФ-азалардың белсенділігінің төмендеуі
B) Гликолиздің әсерленуі
C) Фосфолипаза А2 әсерленуі
D) Буферлік жүйелердің әсерленуі
E) МАТ әсерленуі
F) Са2 — АТФ-азаның белсенділігінің төмендеуі
G) Гипоксия-индуцибилді жайт түзілуі әсерленуі
H) Мембраналық фосфолипазалар әсерленуі
{Семестр} = 7, 9
B,D.G
10. 2 дәрежелі күйікке ұшыраған науқас қозған, айқын ауыру сезімі, қалтырау, шөлдеуді сезінеді, есі шатысқан, АҚ 90/60 мм.с.б., тамыр соғысы әлсіз толған, минутына 130 рет. Науқаста дамыған жағдай, оның сатысы мен патогенезі:
A) Жарақаттық сілейме
B) Анафилаксиялық сілейме
C) Күйіктік сілейме
D) Эректилді сатысы
E) Торпидті сатысы
F) ОЖЖ тежелуі
G) ОЖЖ қозуы
H) Гипоталамо-гипофиз жүйесінің әсерленуі
C,E,F
11. Веналық гиперемияның жағымсыз әсеріне жататыны:
A) Тіннің некрозы
B) Тіндердің дистрофиясы
C) Дерттік үрдістің жайылуы
D) Тіндердің гипоксиялық зақымдануы
E) Тіндердің ұлғаюы және ісінуі
F) Тамыр қабырғасының жарылуы
G) Веналық қанның артерилизациялануы
H) Тіндермен оттегінің қолданылуы азаюы
B,D,E
12. Қабынуды дамытатын жағдайларға жататыны:
A) Қант диабеті
B) Стафилококктар
C) Қышқылдар
D) Сіңірлер мен байламдардың созылуы
E) Организмнің суықтауы
F) Фагоцитоздың жеткіліксіздігі
G) Ультракүлгін сәуленің әсері
H) Жоғары температураның әсері
A,E,F
13. Экссудацияның патогенезінде маңыздысы:
A) Тамыр қабырғасы өткізгіштігінің жоғарылауы
B) Қылтамырларда гидростатикалық қысымның жоғарылауы
C) Қабыну ошағында тіндердің гиперосмиясы мен гиперонкиясы
D) Қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы
E) Қанның онкотикалық қысымының төмендеуі
F) Қылтамырларда гидростатикалық қысымның төмендеуі
G) Қабыну ошағында осмостық қысымның төмендеуі
H) Тамырлардың тарылуы
A,B,C
14. Қабынудың жергілікті белгілері болып табылады:
А) Ісіну
В) Жергілікті температураның жоғарылауы
С) Қызба
D) Гамма глобулиндердің жоғарылауы
Е) Ауыру сезімі
F) ЭТЖ жоғарылауы
G) Лейкоцитоз
H) С-реактивті нәруыздың артуы
A,B,E
15. Қызбада температураның көтерілу патогенезінде маңыздысы:
A) Тотығу мен фосфорланудың ажырауы
B) Тотығу мен фосфорланудың ілесуі
C) Шеткері вазодилятация
D) Жиырылғыштық («бұлшықеттік») термогенездің күшеюі
E) Диурездің күшеюі және тыныстың жиілеуі
F) Жиырылмайтын (биологиялық тотығу) термогенездің әсерленуі
G) Терлеудің күшеюі
H) Парасимпатикалық жүйке жүйесі тонусы жоғарылауы
A,D,F
16. Аллергиялық серпілістердің патофизиологиялық сатысы сипатталады:
A) Иммундық кешендердің түзілуімен.
B) Биологиялық белсенді заттардың әсерленуімен.
C) Аллергия дәнекерлері әсерінен ағзалар мен тіндердің қызметі бұзылыстарымен
D) Антидене түзілуімен.
E) Сенсибилизацияланған лимфоциттердің түзілуімен
F) Аллергия дәнекерлері әсерінен ағзалар мен тіндердің құрылымдық бұзылыстарымен
G) Антидене титрі артуымен
H) Тамыр өткізгіштігі жоғарылауымен
C,F,H
17. Оң Манту сынауына тән:
А) Аллергиялық серпілістердің реагиндік түрі
В) Жасуша атысуымен жүретін аллергиялық серпілістер
С) Аллергиялық серпілістің цитотоксиндік түрі
D) Негізгі дәнекерлері — лимфокиндер
Е) Негізгі дәнекерлері — гистамин, кининдер, лейкотриендер
F) Комплимент бөлшектері негізгі дәнекер болып табылады
G) Бала туберкулез микобактериясын жұқтырған
Н) Баланың дені сау
B,D,G
18. Өспенің үдеуін сипаттайды:
A) Жасушалардың үдемелі анаплазиясы
B) Апоптоз гендерінің әсерленуі
C) Химиотерапияға тұрақтылық
D) Сау жасушаның өспе жасушасына айналуы
E) Организмнің өспе жасушаларымен антигендік түрткіленуі артуы
F) Жасушалық бақылаудың артуы
G) Жасушалардың соңғы жетілу үрдістері күшеюі
H) Метастаздану
A,C,H
19. Экзогендік нормобариялық гипоксияға тән қанның газдық құрамының өзгерісі:
A) Гипокапния.
B) Гипоксемия.
C) Алкалоз.
D) Гиперлипидемия.
E) Гиперпротеинемия.
F) Гиперкапния
G) Газдық және метаболизмдік ацидоз
H) Оксигемоглобин 90%-ды құрайды
B,F,G
20. Тіндік гипоксияның себептері:
A) Цианидтермен улану
B) Жабық кеңстіктеболу
C) Артериялардың тромбозы
D) В1, В2, РР, В3 (пантотен қышқылы) гиповитаминозы
E) Өкпе эмфиземасы
F) Тиреоидтық гормондардың тапшылығы
G) Гемолиздік анемия
H) Биіктік ауруы
A,D,F
{Семестр} = 7, 9
21. Гормондық гипергликемия дамиды:
A) Инсулин тапшылығында.
B) Глюкокортикоидтар артықтығында.
C) Паратгормон артықшылығында.
D) Вазопрессин артықшылығында.
E) Соматотропин тапшылығында.
F) Тироксин артықшылығында
G) Глюкагон артықшылығында
H) Альдостерон тапшылығында
A,F,G