Лекция: Жауап бірдей)Ерлер кіші жамбас астауының қанмен қамтамасыз етілуі. 7 страница

Көзжас аппараты конъюктивті қапшыққа жас бөліп шығаратын көз жасы безінен жіне сол безден басталатын көз жасын шығаратын жолдардан тұрады (148-сурет). Көзжас безі — glandula lacrimalis құрылысы бөлікті, типі жағынан ұяшықты-түтікті, маңдай сүйегінің fossa lacrimalis-інде жатады. Оның 5-12 шығарушы өзектері — ductuli excretorii — конъюнктива қапшығы күмбезінің латералды бөлігінде ашылады. Олардың бөлінетін көз жасы сұйықтығы көз саңылауының медиалды бұрышындағы көз жасы көліне ағып кетеді. Көз жабық тұрғанда бұл сұйықтық екі қабықтың жиектерінің артқы қырлары мен көз алмасы арасында түзетін кеңістіктің бойымен ағады. Көз жасы көз жасы көлінің қасындағы қабақтардың медиалды шетінде орналасқан кішкентай тесіктерге келеді. Тесіктерден кететін екі жіңішке көз жасы өзекшесі — canaliculi lacrimalis — көз жасы көлін айналып өтіп, жеке-жек е немесе бірге көз жасы қапшығына құяды.

 

195. Кіреберіс-ұлу нерві (VIII) Есту жолы

N. vestibulocochlearis, кіреберіс-ұлу нерві бет нервінен бөлініп шыққан афферентті нерв, есту және тепе-теңдік мүшесінен келетін сомалық-сезімтал талшықтары бар. Ол екі pars vestibularis және pars cochlearis бөліктерінен тұрады. Олардың қызметі әртүрлі: кіреберіс бөлігі ішкі құлақ лабириттің кіреберісі мен жартылай шеңберді түтіктерде жайғасқан статикалық аппараттардан импульстарды өткізеді де, ал ұлу дыбыс тітіркенулерін қабылдайтын иірімді мүшеден есту импульстарын өткізеді.

Бұл бөліктер сезімтал болғандықтан, олардың әрқайсысы қос полюсті нерв жасушалары бар меншікті нерв түйіндерімен жабдықталған. Ganglion vestibulare деп аталатын кіреберіс бөлігінің түйіні ішкі есту жолының түбінде, ал ұлу бөлігінің түйіні ganglion spinale ұлуда орналасады.

Түйіндердің қос полюстік жасушалардың шеткі өсінділері иірімнің жоғарыда аталған қабылдаушы аспаптарында аяқталады. Олардың орталық өсінділері porus acusticus internus арқылы ішкі құлақтан шығып, нервтің сәйкес бөліктері құрамына миға бағыт алады; олар оған бет нервінің бүйірінен еніп, өз ядроларына: pars vestibularis төрт ядроға және pars cochlearis екі ядроға жетеді.

 

196. Иіс сезу және дәм сезу ағзалары.I жұп ми нерві, иіс және дәм сезу жолдары.

Nn. olfactorii, иіс сезу нервтері, иіс сезу рецепторымен байланысты пайда болған иіс сезу миынан дамиды. Оларда химиялық тітіркенулерді қабылдаушы ағзалардан шығатын висцералды-сезімтал талшықтар болады. Бұл нервтер алдыңғы ми өсінділері болғандықтан, оларда түйін болмайды да, мұрын қуысының шырышты қабығының ragio olfactoria аймағында жайғасқан иіс сезу жасушаларының орталық өсінділерінен құралған, саны 15-20, жіңішке нерв жіптерінің, fila olfactoria, жиынтығы болып табылады. Fila olfactoria, lamina cribrosa тесіктері арқылы мұрын қуысының жоғарғы қабырғасынан өтіп, tractus және trigonum olfactorium-ге созылатын bulbus olfactorius-те аяқталады.

 

197. Жамылғы, тері, оның туындылары.Сүт бездері, Шаш фолликуласы, тер және май бездері

Тері

(жанасуды, температураны және ауырсынуды сезетін ағза)

Тері, cutis, организмді сыртқы әсерлерін қорғайтын дененің жалпы жабынын түзеді. Ол жылу реттеу, секрет (тер мен май), зиянды зат бөлу, тыныс алу (газ алмасу), энергия қорын жинау сияқты бірқатар елеулі қызметтерді орындайтын дененің аса маңызды мүшесі. Барлық омыртқалылардағы сияқты адамның тері жабындысы да екі қабаттан тұрады:

1. Беткей-эпидермис (epidermis)-эктодермадан пайда болады да, сыртқы қабаттары мүйізденіп, біртіндеп түлеп түсетін (әсіресе, кейбір ауру кезінде, мысалы, қызылша шыққанда тері эпителінің түсуі-түлеуі байқалады) жалпақ көпқабатты эпителиден тұрады. Аяқкиімнің немесе жұмыс құралдарының қысымнан қасаң қабаты қалыңдап мүйіз (қажалған жер) пайда болады.

2. Терең қабат-меншікті тері-corium (dermis)-мезодермадан дамиды және серпінді талшықтар қоспасы бар-дәнекер тіннен және бірыңғай салалы бұлшықет талшықтарынан тұрады.

Бірыңғай салалы бұлшықет талшықтары будалана орналасып, шашты тікірейтеді немесе қабаттарға жиналады (емшек үрпісі немесе үрпіқасы шеңбері, еркек жыныс мүшесі мен бұтаралық терісі) немесе бұлшықет қабығын (мысалы, ұмадағы — tunica dartos) түзеді. Беттегі corium мимикалық бұлшықеттермен тығыз байланысты.

Шашта, pilus, теріге еніп тұратын бөлігін, түбірін және терінің бетінде бос шығып тұратын бөлігін, өзегін, ажыратады. Шаштың түсі пигментке, сондай-ақ шаштағы ауа мөлшеріне байланысты. Шаш қабатындағы ауа мөлшері көбейіп, пигмент жоғалса, ол ағарады.

Тырнақ, ungues, шаш сияқты мүйізді түзіліс, эпидермистің туындысы. Эпидермис туындысы болып табылатын тырнақ дәнекер тінді төсенішінде жатады.

Бөлінетін секреттің сипатына байланысты бездердің үш түрін ажыратады: 1) май, 2) тер және 3) сүт бездері (алғашқы екі бездің құрылысы гистология курсында қарастырылады).

Сүт бездері

Сүт бездері, mammae (грекше-mastos, осыдан кейін мастит сүт безінің қабынуы)- сүтқоректілерде жаңа туған төлін қоректендіруге арналған тән бейімделік, осыдан келіп сүтқоректілер деген атау берілген. Сүт бездері тер бездерінің туындылары болып саналады. Маймылдар мен адамда кеудеде орналасқан бір жұп сүт бездері болады, оларды сондықтан кеуде бездері деп те атайды. Сүт безі еркекте қалдық түрінде өмір бойы қалады да, ал әйелдерде жыныстық пісіп-жетілу басталғаннан кейін ұлғайып өсе бастайды. сүт без жүкті болудың аяқ кезіне қарай әбден өсіп ұлғаяды, бірақ босанғаннан кейін ғана сүт бөліне бастайды. Бездің ортасынан сәл төмендеу оның алдыңғы бетінде үрпі- papilla mammae — орналасады, оның төбесі сонда ашылатын сүт жолдарымен жырымдалған және терінің пигменттелген учаскесімен — үрпіқасы шеңберімен — areola mammae- қоршалған. Ірі бездер -glandulaae areores — болғандықтан үрпіқасын шеңберінің терісі бұдырлы келеді, олардың арасында ірі май бездері де бар.

Безді дененің өзі 15-20 конус тәрізді оқшауланған бөліктерден — lobuli glandulae mammariae — тұрады, олар төбелерімен үрпіге радиарлы үрде түйіседі. Сүт безі өзінің құрылысы, типі жағынан күрделі ұяшықты-түтікті бездерге жатады. Бір үлкен бөліктің (lobus) шығарушы өзектері сүт жолына — ductus lactiferous бірігіп-қосылып, үрпіге қарай өтеді де, оның төбесінде кішкене воронка тәрізді тесікпен аяқталады.

 

198. V жұп ми-бас нервтің 1-ші тармағы, нервтеу аймақтары

Үшкіл нервтің бірінші тармағы. N. opthalmicus, көз нерві — fissura orbitalis superior арқылы бассүйек қуысынан көзұясына шығады. Бірақ оған өтер алдында тағы да үш тармаққа бөлінеді: n. frontalis, n. lacrimalis және n. nasocilliaris-ке бөлінеді.

1. N. frontalis, маңдай нерві — тура алға қарай көзұясы төбесі астымен incisura немесе foramen supraorbitalis арқылы маңдай терісіне келеді. Бұл жерже ол n. supraorbitalis деп аталып, өз жолында жағарғы қабақ пен көздің медиалды бұрышының терісіне тармақтар береді (115-сурет).

2. N. lacrimalis, көзжас нерві — көзжасы безіне барып, одан өтіп, көздің латералды бұрышындағы конъюктивасы мен терісінде аяқталады. Көзжасы безіне енгенге дейін n. lacrimalis, n. zygomaticus-пен (үшкіл нервтің екінші тармағынан) қосылады. Осы “анастомоз” арқылы n. lacrimalis көзжасы безі үшін секреттік талшықтар алады және оны сезімтал талшықтармен жабдықтайды.

3. N. nasocilliaris, мұрын-кірпік нерві-мұрын қуысының алдыңғы бөлігін nn. ethmoidales anterior et posterior, көз алмасы nn. ciliaris longi, көздің медиалды бұрышының конъюктивасы мен көзжасы қапшығын және терісін n infratrochlearis нервтендіреді. Одан ganglion ciliare-ге байланыстырушы тармақ кетеді. N. opthalnicus III, IV, VI нертвтермен байланыстары көмегімен көз бұлшықеттерінің сезімтал (проприоцептивті) инневерциясын іске асырады.

 

199. V жұп ми-бас нервтің 2-ші тармағы, нервтеу аймақтары

Үшкіл нервтің екінші тармағы. N. maxillaris, жоғарғы жақсүек нерві — foramen rotundum арқылы бассүйек қуысынан қанат-таңдай шұңқырына шығады. Осы жерден оның тікелей жалғасы n. infraorbitalis болып табылады. Ал fissure orbitalis inferior арқылы көзұясының төменгі қабырғасында sulcus және canalis infraorbitalis-тер арқылы өтеді. Содан соң foramen infraorbitale арқылы бетке шығып, сол жерде тармақтарға ыдырайды. Бұл тармақтар ішінара n. facialis тармақтарымен байланысып, төменгі қабақ, мұрынның бүйір беті және жоғарғы ерін терілерін нервтендіреді.

N. maxillaries пен оның жалғасынан n. infraorbitalis-тен мынадай тармақтар шығады:

1. N. zygomaticus, бетсүйек нерві- ұрт пен самай аймағының алдыңғы терісіне барады.

2. Nn. alveolares superiores, жоғарғы жақсүйек пен қабырғасының ішіндегі өрім, plexus dentails superior түзеді; одан үстіңгі тістерге rami dentalis superiores-тер мен қызылиекке rami gingiviales superiores-тер кетеді.

3. Rr. ganglionares — maxillares пен ganglion pterigopalatinum-ды байланыстырады.

 

200. V-ші ми-бас нервтің 3-ші тармағы, нервтеу аймақтары

Үшкіл нервтің үшінші тармағы. N. mandibularis, төменгі жақсүйек нерві, оның құрамында сезімтал түбіршектен басқа аталған қозғалыс ядросынан nucleus motorius-тен шығып, төменгі жақсүйек доғасынан пайда болған бұлшықетке баратын үшкіл нервтің қозғалыс түбіршігі өтеді (116-сурет). Сондықтан төменгі жақсүйекке бекитін бұлшықеттерді, оларды жабатын теріні және төменгі жақсүйек доғасының басқа туындыларын нервтендіреді. Ол foramen ovale арқылы бассүйектен шыққаннан кейін екі тармақ тобына бөлінеді.

А. Бұлшықет тармақтары:

Аттас бұлшықеттерге баратындар: n. massetericus, nn. temporales propundi, nn. pterigoidei medialis et lateralis, n. tensoris tympani, n. tensoris veli palatine, n. mylohyoideus. Соңғысы n. alveolaris inferior-дан бөлініп, m. digastricus-тың алдыңғы қарыншасында нервтендіреді.

Ә. Сезімтал тармақтар:

1. N. buccalis — ұрттың шырышты қабатына барады.

2. N. lingualis — ауыз қуысы түбінің шырышты қабығының астына орналасады. Ол ауыз қуысы түбінің шырышты қабатына n. sublingualis-ті беріп, тілдің шырышты қабатын, оның алдыңғы 2/3 бөлігін нервтендіреді (117-сурет). Тіл нервісінің екі қанаттаәрізді бұлшықеттер арасынан өтетін жерінде оған fissura petrotympanica-дан шығатын бет нервінің жіңішке тармағы-chorda tympani қосылады. Онда nucleus salivatorius superior n. intermedii-ден шығатын тіласты мен төменгі жақсүйекасты сілекей бездеріне баратын парасимпатикалық секреттік талшықтар өтеді. Оның құрамында тілдің алдыңғы 1/3-інен дәм сезу талшықтары жалпы сезімталдық (жанасу, қысым, ауырсыну, температураны сезу) өткізгіштері болып есептеледі.

3. N. alveolaris inferior-foramen mandibule арқылы аттас артериямен бірге төменгі жақсүйек өзегіне келіп, сол жерде алдымен өрім-plexus dentalis inferior түзе, барлық астыңғы тістерге тармақтар береді. N. alveolaris inferior canalis mandibulae соңында n. mentalis-ті береді, ол foramen mentalea-дан шығып, иек пен төменгі ерін терісінде таралады. N. alveolaris inferior қозғалыс талшықтарының шамалы қоспасы бар сезімтал нерв, оның қозғалыс нервтері — foramen mandibulae-нің алдында n. mylohyoideus құрамында шығады.

4. N. auriculotemporalis — шықшыт безінің жоғарғы бөлігіне өтіп, а. temporalis superficialis екеуі қосарлана самай аймағында болады. Шықшыт сілекей безіне секреттік тармақтар, сонымен қатар шықшыт буынына, құлақ қалқанының алдыңғы бөлігі, сыртқы есту жолы және самай терісіне сезімтал тармақтар береді. Үшкіл нервтің үшінші тармағы аймағында вегативті жүйеге жататын екі түйін бар, солар арқылы сілекей бездері нервтендіріледі. Олардың біреуі — ganglion opticum құлақ түйіні foramen ovale-нің астында, n. mandibularis-тің медиалды жағында орналасқан кішкене домалақ дене. Оған тіл-жұтқыншақ нервінен шығатын n. tympanicus-тың жалғасы болып табылатын n. petrosus minus құрамында парасимпатикалық секртеттік талшықтар келеді. Бұл талшықтар түйінде үзіледі де, n. auriculotemporalis-тің құрамында шықшыт безіне келеді. Басқа түйін, ganglion submandibulare, төменгі жақсүйекасты түйіні медиалды қанаттәрізді бұлшықеттің алдыңғы жиегінде, төменгі жақсүйекасты сілекей безі үстінде, тіл нервінің астында орналасады. Түйін мен тіл нерві тармақтар арқылы байланысады. Осы тармақтар арқылы дабыл шегі талшықтары түйінге келіп, сол жерде аяқталады.

 

201. Бет нерві, оның топографиясы, тармақтары, нервтеу аймақтары

Бет нерві (VII) N. facialis (n. intermedio facialis), бет нерві — аралас нерв(118-сурет). Екінші желбезек доғасы нерві ретінде одан дамыған бұлшықеттерді-барлық мимикалық (бет қимылы) және тіласты бұлшықеттерінің бір бөлігін нервтендіреді жіне оның құрамында қозғалыс ядросының осы бұлшықеттерге баратын эфферентті (қозғалыс) талшықтары мен сол бұлшықеттердің рецепторларынан шығатын эфферентті (проприоцептивті) талшықтар болады. Сондай-ақ оның құрамында аралық, n. intermedius, нервке жататын дәм сезу (афферентті) және секреттік (эфферентті) талшықтар да бар.

Құраушы бөліктеріне сәйкес n. facialis-тің көпірде жайғасқан үш ядросы бар: қозғалыс ядросы-nucleus motorius nervi facialis, сезімтал ядросы-nucleus solitarius және секреттік ядросы — nucleus salivatorius superius. Соңғы екі ядро nervus intermedius-ке жатады.

Бет нерві көпірдің артқы жиегінің бүйір жағында кіреберіс-ұлу нервімен қатарласа, linea trigeminofacialis-тен шығады. Содан кейін соңғы нервпен бірге ішкі есту тесігіне өтіп, без өзегіне canalis facialis енеді. Нерв өзекте алдвмен горизонтальды жазықтықта дабыл қуысының ішкі қабырғасының жоғарғы бөлігінде өтеді. Дабыл қуысының артқы қабырғасында нерв қайтадан иіліп, тік төмен түсіп, foramen stylomastoideum арқыл бассүйектен шығады. Нервтің артқа қарай бұрылатын жерінде бұрыш түзіледі (тізешік-geniculum). Оның сезімтал (дәм сезу) бөлігі кішкене нерв түйіншесін — ganglion geniculi (тізешік түйінін) түзеді. Бет нерві foramen stylomastodeum-нен шыққаннан кейін шықшыт безі қабатына еніп, өзінің соңғы тармақтарына бөлінеді. Самай сүйегіне аттас өзегі бойында бет нерві мынадай тармақтар береді:

1. N. petrosus major (секреттік нерві)-иін аймағынан басталып, hiatus canalis n. petrosis majoris арқылы шығады, содан кейін самай сүйегі пирамидасының алдыңғы бетінде аттас жүлгемен sulcus n. petrosi majoris жүріп, симпатикалық нервпен, n. petrosus profundus-пен бірге canalis ptergoideus-қа өтіп, ол нервпен бірге n. canalis ptergoidei түзіп, ganglion ptergopalatinum-ге жетеді. Нерв түйінде үзіледі де, оның талшықтары rami nasales posteriores пен nn. palatine құрамында мұрын мен таңдайдың шырышты қабығының бездеріне барады. Талшықтардың бір бөлігі n. zygomaticus құрамында, оның n. lacrimalis-пен байланысы арқылы көзжасы безіне жетеді.

2. N. stapedius (бұлшықеттік)- m. stapedius-ты нервтендіреді.

3. Chorda tympani (аралас тармақ)-бет өзегінің төменгі бөлігінде бет нервінен бөлініп, дабыл қуысына өтіп, сол жерде дабыл жарғағының медиалды бетінде орналасып, содан кейін fissura petrotympanica арқылы шығады. Ол саңылаудан сыртқа шыға, төмен және алға қарай түсіп, тіл нервіне қосылады.

Дамыл шегінің сезімтал (дәм сезу) бөлігі тізешік түйінінде жатқан жасушалардың шеткі өсінділері тіл нервінің құрамында тілдің шырышты қабығына келіп, оның алдыңғы 2/3 бөлігін дәм сезу талшықтарымен жабдықтайды. Секртеттік бөлігі ganglion submandibulare-ге келіп, ондағы үзілістен кейін төменгі жақссүйекасты және тіласты сілекей бездерін секреттік талшықтарымен жабдықтайды.

Foramen stylomastoideum-нен шыққаннан кейін n. facialis мынадай бұлшықет тармақтарын береді:

1. N. auricularis posterior, m. auricularis posterior және venter posterior m. epicranii-ді нервтендіреді.

2. Ramus digastricus арқылы m. digastricus артқы құрсақасты мен m. stylohyoideus-ті нервтендіреді.

3. Беттің мимикалық бұлшықеттеріне баратын көптеген тармақтар шықшыт безінде өрім, plexus parotideus, түзеді. Бұл тармақтар безден шығып, жалпы алғанда арттан алға қарай радиарлы бағытта таралады.

Олар бетке және мойынның жоғарғы бөлігіне барып, үшкіл нервтің теріасты тармақтарымен кеңінен анастомозданады.

Ол тармақтардың ішінде мыналарды ажыратады:

a) rami temporales, олар: mm. auricularis anterior et superior, venter frontalis m. epicranius және m. orbicularis oculi-ге барады;

ә) rami zygomatici, олар: m. orbicularis oculi және m. zygomaticus-ке барады;

б) rami buccales ауыз шеңбері мен мұрын бұлшықеттеріне барады;

в) ramus marginalis mandibulae — төменгі жақсүйек жиегімен жүріп, иек және төменгі ерін бұлшықеттеріне баратын тармақ;

г) ramus colli — мойынға түсіп, теріасты бұлшықетін нервтендіреді.

 

202. IX жұп ми-бас нерві, тармақтары, нервтендіру аймақтары.

Тіл-жұтқыншақ нерві (IX) N.glossopharyngeus, тіл-жұтқыншақ нерві үшінші желбезек доғасы нерві даму үрдісінде нервтердің Х жұбынан (n. vagus) бөлінген. Онда үш текті талшықтар болады:

1) жұтқыншақ, дабыл қуысы, тілдің шырышты қабаты (артқы 1/3-і), бадамшалар және таңдай доғалықтары рецепторларынан шығатын афферентті (сезімтал) талшықтар:

2) жұтқыншақ бұлшықеттерінің біреуін — m. styloparyngeus нервтендіретін эфферентті (қозғалыс) талшықтар;

3) glandula parotis үшін эфферентті (секреттік) парасимпатикалық талшықтар.

Құрам бөліктеріне сәйкес оның үш ядросы болады: nucleus soliterius, оған 2 афферентті түйін — ganglia superius et inferius — тердің жасушаларының орталық өсінділері келеді. Вегативті (секреттік), парасимпатикалық ядро — төменгі сілекей бөлетін ядро — торлы құрылымында кезбе нервпен ортақ үшінші қозғалыс ядросының — nucleus ambiguus пен жанында шашыраған жасушалардан тұрады. Тіл жұтқыншақ нерві түбіршіктері арқылы оливаның артында, кезбе нервтің үстінде сопақша мидан шығып, соңғы нервпен бірге мойындырық тесігі арқылы бассүйектен шығады.

Тіл-жұтқыншақ нервінің тармақтары

1. N. tympanicus, ganglion inferius-тен шығып, дабыл қуысына, cavitas tympani, өтіп, сол жерде өрім, plexus tympanicus, түзеді. Бөрім дабыл қуысы мен есту түтігінің шырышты қабығын нервтендіреді. Ол өрімге ішкі ұйқы артериясынан да тармақтар келеді. Нерв n. petrosus minor түрінде дабыл қуысынан оның жоғарғы қабырғасы арқылы шыққаннан кейін, пирамиданың алдыңғы бетіндегі аттас жүлгемен sulcus n. petrosi minoris-те жүріп, ganglion oticum-ға келеді. Осы нерв арқылы шықшыт безі үшін nucleus salivatorius inferior-тен шығатын парасимпатикалық секреттік талшықтары құлақ түйініне келеді. Түйінде үзілгеннен кейін секреттік талшықтар үшкіл нервтің үшінші тармағынан шығатын n. auriculotmporalis-тің құрамында безге келеді.

2. Ramus n.stylopharyngei — аттас бұлшықетке барады.

3. Rami tonsillares-таңдай бадамшаларына және доғашықтарына барады.

4. Rami pharyngei-жұтқыншақ өріміне барады.

5. Rami linguales-тіл-жұтқыншақ нервінің соңғы тармақтары тілдің артқы 1/3-не барып, оны сезімтал талшықтарымен жабдықтайды, олардың арасында papillac valatac-те баратын дәм сезу талшықтары да өтеді.

6. R. sinus carotici-sinus caroticus-ке (glomus caroticum) баратын сезімтал нерв.

 

203. X жұп ми-бас нерві, оның ядролары, топографиясы, тармақтары және нервтендіру аймақтары

Кезбе нерв (X) N. vagus, кезбе нерв — төртінші жіне одан кейінгі келесі желбезек доғаларынан дамыған, кең таралғандықтан осылай деп аталады (119-сурет). Бұл бассүйек нервтерінің ішіндегі ең ұзыны. Кезбе нерв тармақтары арқылы тынысалу ағзаларын, асқорыту жолының едәуір бөлігін, сигматәрізді тоқ ішекке дейін нервтендіреді, сондай-ақ ол жүрекке оның соғуын баяулататын тармақтар береді.

N. vagus құрамында үш түрлі талшықтар бар:

1. Аталған ішкі ағзалар мен тамырлардың рецепторларының, сондай-ақ мидың қатты қабығының кейбір бөлігінен жіне құлақ қалқанын қоса сыртқы есту жолынан сезімтал ядроға nucleus solitarius-ке келетін афферентті (сезімтал) талшықтар.

2. Жұтқыншақ, жұмсақ таңдай мен көмейдің ерікті бұлшықеттеріне баратын эфферентті (қозғалыстық) талшықтар және осы бұлшықеттер рецепторларынан шығатын (проприоцептивті) талшықтар. Бұл бұлшықеттер талшықтарды қозғалыс ядросынан nucleus ambigus-тен алады.

3. Вегативті ядродан, nucleus dorsalis n. vagi-ден шығатын эфферентті (парасимпатикалық) талшықтар. Олар жүрек миокардына (жүрек соғысын баяулатады) және тамырлардың бұлшықет қабықшасына (тамырларды кеңейтеді) келеді. Сонымен кезбе нервтің жүрек тармақтарына n. depressor енеді, ол жүректің өзі мен қолқаның бастапқы бөлігі үшін сезімтал нерв жіне қан қысымын рефлекстік жолмен реттеуді басқарады. Сондай-ақ парасимпатикалық талшықтар кеңірдек пен өкпені (бронхыларды тарылтады), өңеш және colon sigmoidum-ге дейін ішекті (перисталтиканы күшейтеді), аталған ағзаларда орналасқан бездер мен іш қуысы бездерін-бауыр, ұйқыбезін (секреттік талшықтар), бүйректі нервтендіреді.

А. Бас бөлігінде (нерв басталатын жер мен төменгі түйін арасында):

1. Ramus meningeus-артқы бассүйек шұңқыры аймағындағы мидың қатты қабығына барады.

2. Ramus auricularis-сыртқы есту жолының артқы қабырғасы мен құлақ қалқаны терісінің бір бөлігіне барады. Бұл бассүйек нервтерінің ішіндегі үшкіл нервке жатпайтын жалғыз тері тармағы.

Ә. Мойын аймағында:

1. Rami pharyngei-тіл-жұтқыншақ нерві және симпатикалық сабау тармақтарымен бірге өрім-plexus pharyngeus-ті түзеді.

Кезбе нервтің жұтқыншақ тармақтары жұтқыншақ тарылтқыштарын (констрикторларын), таңдай доғашықтары мен жұмсақ таңдай бұлшықеттерін (m. tensor veli palatini-ді қоспағанда) нервтенліреді. Жұтқыншақ өрімі жұтқыншақтың шырышты қабығына сезімтал талшықтар береді.

еще рефераты
Еще работы по биологии