Лекция: Жауап бірдей)Ерлер кіші жамбас астауының қанмен қамтамасыз етілуі. 6 страница

 

180. Ауырсыну және температураны сезіну өткізгіш жолы.

Бірінші нейронның жасуша денесі жұлын түйінінде жатады, ол түйіннің жасушалары шеткі өсінділері арқылы терімен, ал орталық өсінділері арқылы екігші нейронның – жасуша денесімен – nucleus proprii — жайғасқан жұлынның артқы мүйіздерімен – tracrus gangliospinalis – байланысқан. Екінші нейрон аксыоны – comissura alba құрамында басқа жағына ауысып, tractus spinothalamicus lateralis-тің құрамында таламусқа дейін көтеріледі. Tractus spinothalamicus lateralis өз кезегінде екі — алдыңғы және артқы бөлікке бөлінеді, олардың бөлігімен температуралық сезім беріледі. Таламуста үшінші нейронның жасуша денесі жатады, оның өсіндісі tractus thalamocortcalis құрамында үлкен ми қыртысына келіп, сол жерде орталық артындағы қатпарда аяқталады. Кейбір зерттеушілер ауырсыну сезімі ми қыртысында ғана емес, таламуста да қабылданып, сол жерде сезімталдық алуан түрлі эмоциялық рең алады деп есептейді. Ауырсыну және температуралық импульстар бас бөлімдерінен немесе мүшелерінен сәйкесті бассүйек нервтерінің – V, VII, IX, X жұптары арқылы олардың сезімтал ядроларына, бұл ядролардан таламусқа және одан әрі орталық артындағы бөлімге сәйкес келеді. Экстерорецепторлардан шығатын өткізгіш жолдардың екінші нейрон талшықтарының айқасуы нәтижесінде ауырсыну, температура, ішінара жанасу және қысым сезу сезімталдығы импульстары дененің қарама-қарсы жағынан орталық артындағы қатпарға беріледі. Сондықтан айқаспаға дейін бірінші немесе екінші нейронның зақымдануы сол зақым келген жақтың сезімталдығын бұзатындығын есте сақтау керек. Егер айқаспадан кейін екінші нейрон немесе үшінші нейрон зақымдалса, онда осы сезімталдық түрлерінің бұзылуы зақымданған жердің қарсы жағында байқалады.

 

181.Проприоцептивтіксезңмталдықтың негізгі түрі – бұлшықет-буын, яғни буын қабының, сіңірлердің керілуімен бұлшықеттердің кернеуі дәрежесінің өзгеруінен пайда болатын импульстар, осы импульстардың әсерінен адамда өз денесімен оның бөліктерінің кеңістіктегі орналасу қалпы және оның өзгеруң туралы т.сінік қалыптасады.

Қозғалыс анализаторларының өткізгіш жолдары – tractus gangliobulbothalamo-corticalis, tractus spinocerebellaris anterior et posterior болып табылады.

Тractus gangliobulbothalamo-corticalis рецепторлары сүйектергде, бұлшықеттерде, сіңірлерде, буындарда, яғни меншікті денеде жатады, сондықтан проприоцеепторлар деп аталған.

Өткізгіш жол 3 нейроннан тұррады. 1- ң жасуша денесі жұлын түйінінде орналасады. Бұл жасушаның аксоны 2 тармаққа бөлінеді: шеткі тармақ бұлшықеттің нерві құрамында проприоцептордан шығады, орталық тармақ артқы түбіршіктер құрамында жұлынның артқы жіптеріне өтіп, fascuculus gracilis пен fasciculus cucuneatus құрамында сопақша миға дейін барады. Олар осы жерде аталған жіптердің аттас ядроларында – nucleus gracilis. nucleus cuneatus- те аяқталады.

Бұл ядрода 2-ші нейрондардың денелері орналасады. Олардың аксондары – lemniscus medialis – құрамырамында 3-ші буын басталатын таламуытың латеральды ядроларына жетеді. 3-ші буын жасушаларының аксондары – capsula interna арқылы қозғалыс анализаторларының қыртыстық шеті орналасатын орталық алдындағы қатпар қыртысына келеді. Проприоцептивтік жолдармен ми қыртысына fasciculus cuneatus бойымен тұлғаның төменгі жартысынан, ал fasciculus cuneatus бойымен бұлғаның жоғарғы жартысы сен қолдан нерв импульстары өтеді. Проприоцептивті талшықтар бас бұлшықеттерінен бассүйек нервтеріне өтеді. Атап айтқанда: ұшкіл нервте (5)- көз және шайнау бұлшықеттерінен, 7 нервте мимикалық бұлш-ден, 9,10,11 және 12 нервтерде – тілден, жұтқыншақ және бұрынғы желбезек аппараттарының басқа бұлшықеттерінен проприоцептивтік талшықтар өтеді.

Е, кТереі (проприоцептивтік) сезімталдық жоғалғанда ауру адам өз денесі бөліктерінің кеңістіктегі қалыпты және оның өзгеруі туралы түсінігінен айырылады, қимыл-қозғалыстарнының ділдігі мен үйлесімділігі жоғалады, атаксия пайда болады. Мишықтың атаксиясын – сенсорлық атаксия деп атайды.

Проприоцкативтік сезімталдықтың барлық жолдары ми қыртысына жете бермейді. Санадан тыс проприоцептивтік импульстар проприоцептивтік сезіпталдықтың орталығы болып табылатын мишыққа барады.

182.Мишық бағытындағы проприоцептикалық сезім өткізгіш жол

пропм

 

183.Пирамидалық өткізгіш жол

.

 

184.Эсктрапирамидалық өткізгіш жолдары және Рубро-спиналды жолы

.

 

Текто-спиналды жолы

 

185. Көру ағзасы: жалпы құрылысы, көз алмасы және оның көмекші аппараты.

Көру ағзасы organum visus оның басты бөлігі барлық жануарларда эктодермадан п. б арнаулы сезімтал жасушалар б.т. Көз oculus, көз алмасынан bulbus oculi және оны қоршап жатқан қосымша қосалқы ағзалардан тұрады. Көз алмасы-көз шарасында орналасқан шартәрізді дене.Мұнда мөлдір қабықтың ең дөңес нүктесіне сәйкес келетін алдыңғы полюсті және көру нерві шығатын жерден латералды жатқан артқы поюсті ажыратуға болады.Екі полюсті қосатын тұзу сызық оптикалық не сыртқы көз білігі-axis bulbi externus д.а. Оның мөлдір қабықтың артқы беті мен торлы қабық арасындағы бөлігі ішкі көз білігі д.а. Көз алмасы оныің ішкі ядросын қоршап жатқан уш-сыртқы талшықты, ортаңғы тамырлы,ішкі торлы қабықтардан құралады.Көз алмасының көмекші аппараты-Көзжас аппараты конъюктивті қапшыққа жас бөліп шығаратынжолдардан тұрады.Көзжас безі glandula lacrimalis құрылысты бөлікті, типті жағынан ұяшықты-түтікті, маңдай сүйегінің fossa lacrimalis-інде жатады.Оның 5-12 шығарушы өзектері -ductuli excretorii-конъюнктива қапшығы күмбезінің латералды бөлігінде ашылады.Қабақтар palpebrae-көз алмасын алдынан қорғайды. Жоғарғы қабақ palpebra superior-төменгі қабықтан үлкендеу оның үстінгі шекарасы қас superciluim-маңдай мен шекарада жататын қысқа түктері бар тері жолағы.Қабақтардың бос жиегі арасында көз саңылауы rima palpebrarum жатады, ол арқылы қабақ ашылған кезде көз алмасының алдыңғы беті көрінеді.Көз саңылауының латеральды бұрышы сүйір, медиальды бұрышы дөңгеленген және ол көз жас көлі lacus lacrimalis д.а түзеді.Оның ішінде май тіні мен нәзік түкшелері мен қоса ұсақ бездері бар көз жас бұлшықеті caruncula lacrimalis көрінеді.Көзұясының шел майы мен көз алмасының қынабы-көз алмасының артқы жағында көзұясының жатқан мүшелер арасындағы барлық кеңістікті алатын шел майы corpus adiposum ovbilae жалғасады.Көз жасы қапшығы saccus lacrimalis көзұясы ішкі бұрышының суйекті шұңқырында жатқан мұрын-жас жоғарғы тұйық шеті.Көз жасы қабы қабырғасынан басталатын pars lacrimalis m.orbicularis oculi будалары оны кеңейтіп, ол арқылы көз жасының көзжасы өзекшелері арқылы сіңірілуіне көмектеседі.

 

186.Көз алмасының қабықтары, олардың құрылысы.

Көз алмасының қабықтары-1Талшықты қабық tunica fibrosa bulbi көз алмасын сыртынан қаусырып қорғаныш қызметін атқарады.Оның артқы үлкен бөлімі ақ қабық, ал алдыңғы бөлімі мөлдір қабық д.а.Талшықты қабықтың екі бөлігі бір-бірінен циркулярлы жүлге sulcus sсlerae арқылы бөлінеді.2 Көз алмасының тамырлы қабығы, tunica vasculosa тамырларға бай, жұмсақ пигменттерге орай қара түсті, дәл ақ қабықтың астында жатады.Онда үш бөлімді меншікті тамырлы қабық, кірпікті дене және нұрлы қабықты ажыратады.3Тор немесе торлы қабық retina көз алмасының үш қабығының ең ішіндегісі, ол тамырлы қабыққа,қарашыққа дейін жанасып жатады.Басқа қабықтарда емес, ол эктодермадан пайда болады және өзінің пайда болуы тегіне қарай екі: пигменті бар сыртқы pars pigmentosa және ішкі pars nervosa бөліктерінен тұрады.

 

187.Көз алмасының нервтенуі.III,IV,VI жұп ми нервтері.

Көзқозғалтқыш нерв (III)

N, oculomotorius, көзқозғалтқыш нерв — дамуы жағынан бірінші құлақалды миотомының қозғалыс түбіршігі, бұлшықеттік нерв болып табылады. Оның құрамында:1)сомалық-қозғалыс ядросынан көз алмасының сыртқы бұлшықеттеріне баратын эфферентті талшықтар; 2) ішкі көз бұлшықеттеріне(m. sphinter pupillac және m. ciliaris nucleus — accessrius), қосымша ядросынан шығып баратын парасимпатикалық талшықтар.

N, oculomotorius мидан ми аяқшасының медиалды жиегіне шығып, содан кейін fissura orbitalis superior арқылы көзұясына енеді. Осыдан кейін екі тармаққа бөлінеді.

1. Жоғарғы тармақ, ramus superior, m, rectus inferior және m.levator palpebrae superior-ды нервтендіреді.

2. Төменгі тармақ, ramus inferior, m. rectus inferior, m. rectus medialis пен obliquus inferior-ға барады. Төменгі тармақтан ganglion ciliare-ге барып, m.sphincter pupillac мен m. ciliaris үшін парасимпатикалық талшықтар аппаратын нерв түбіршегі, radix oculomotoria, шығады.

Шығыршық нерві (IV)

N, trochlearis, шығыршық нерві, дамуы жағынан екінші құлақалды миотомының қозғалыс түбіршігі, бұлшықеттік нерві болып табылады. Оның жалғыз сомалық-қозғалыс ядросынан көздің қиғаш бұлшықетіне баратын эфферентті талшықтар бар. Жоғарғы ми желкенінің дорсалды жағынан шығып, ми аяқшасын латералды жағынан айналып, fissura orbitalis superior арқылы көзұясына кіріп m. obliquus superior-да аяқталады.

Әкететін нерв (III)

N, abducens, әкететін нерв, үшінші құлақалды миотомының қозғалыс түбіршігі, бұлшықеттік нерв болып табылады. Оның көпірде орналасқан сомалық-қозғалыс ядросынан шығып, көздің латералды тік бұлшықетіне баратын эфферентті талшықтары болады. Көпірдің артқы жиегінде мидан шығып fissura orbitalis superior арқылы көзұясына өтіп, m. rectus lateralis-ке енеді.

Сыртқы көз бұлшықеттеріне арналған III,IV және VI нервтердің эфферентті талшықтарына сәйкес келетін аферентті (проприоцептивті) талшықтар V нервтің, n. opthalmicus, құрамында өтеді.

Көптеген авторлар көз алмасының барлық үш қозғалыс нервтерінде афферентті (проприоцептивті) талшықтар бар деп есептейді.

188. Көздің ішкі ядросы мөлдір жарықсындырғыш орталықтан тұрады. Оларға шынытәрізді дене, көзбұршақ және кқз камераларын толтырып тұратын сулы ылғалдан тұрады:

-Шынытәрізді дене– corpus vitreum — көз алмасы қуысын торлы қабықтан ішке қарай толтырып тұрады. (көзбұршақтын артында жататын іркілдек мөлдәр зат).

-Көзбұршақ –lens-көз алмасының өте маңызды жарық сындырғыш отрасы.(мөлдір шыны сияқты). 2 полюсі – polus anterior et posterior – бар. Оның 2 бетінің бір-біріне ауысатын шекті жиегі – экватор. Алысқа қарағанда көзбұршақтың 2 полюсті қосатын білігінің ұз. 3,7, ал керісінше аккомодация кезінде көзбұршақтың дөңестеу пішінге келгендегі ұз. 4,4мм. Көзб-ң экв-қ жазықтығы оптикалық білікке тік бұрыш жасай орналасады, алдыңғы беті нұрлы қабықшаға, артқы беті шынытәрізді денеге жанасып жатады. Тамырлары болмайды.

-Нұрлы қабықтың алдыңғы бетңмен мөлдір қабықтың артқы жағындағы кеңістік көз алмасының алдыңғы камерасы – camera anterior bulbi – д. а. Камералар мөлдір сулы ылғалмен — humor aquosus – толған, ол ылғал ақ қабықтың веналық қойнауына ағып отырады.

Көзжас аппараттары: коньюктивті қапшыққа жас бөліп шығаратынкөз жас безінен және көз жасын шығаратын жолдардан тұрады.

Көз жас безі – glandula lacrimalis – ұяшықты-түтікті, маңдай сүйегінің fossa lacrimali-сінде жатады. 5-12 өзектері — ductuli excretorii – коньюктива қапшығы күмбезінің латеральды бқлігінде ашылады. Ол ары қарай көз жасы көліне ағып кетеді. Одан әрі қабақтардың медиальді шетінде орналасқан 2 кішкентай тесікке келеді. Онда 2 жіңішке көз жасы өзекшесі — canaliculi lacrimalis – к-з жасы к-л3н айналып – өтеді, жеке-жеке немесе бірге көз жасы көліне құяды.

Көз жасы қапшығы – saccus lacrimalis – көз ұясы ішкі бұрышының сүйекті шұңқырында жатқан мұрын-жас жоғарғы тұйық шеті.

 

 

189. II жұп ми нерві, көру(4-нейронды) жолының анатомиясы

Көру нерві (II)

N. opticus, көру нерві, эмбриогенез үрдісіндекөз бокалының аяқшасы ретінде аралық мидан өсіп шығады, филогенез жарық рецепторымен байланысты пайда болатын ортаңғы мимен байланысқан, оның мидың осы бөлімдерімен тығыз байланысы осымен түсіндіріледі. Ол жарық тітіркенулерін өткізетін сомалық-сезімтал талшықтардан тұрады. Ми туындысы ретінде онда түйін болмайдв (бассүйек нервтерінің I жұбы сияқты), ал оның құрамына енетін афферентті талшықтар көздің торлы қабығының көпполюстік нерв жасушалар нейриттерінің жалғасын құрайды. N. opticus көз алмасының артқы полюсінен шығып canalis opticus арқылы бассүйек қуысына кіріп, қарсы жағының дәл осындай нервімен сынатәрізді сүйектің sulcus chiasmatis-те жататын айқаспаны chiasma opticum түзеді (айқаспа толық емес, нервтің тек медиалды талшықтары ғана айқасады). Көру жолының хиазмадан кейінгі жалғасы tractus opticus болып табылады, ол corpus geniculatum laterale мен pulvinar thalami-де және ортаңғы ми қақпағының үстіңгі төбешігінде аяқталады. Екі торлы қабық арасында, айқаспаның алдыңғы бұрышы арқылы өтетін нерв будалары арқылы байланыс болады. Бұл байланысми сыңарларының комиссуралық байланыстарына ұксас. Мұндай байланыстың бар екендігіне көздің біреуі зақымданып немесе ауырғанда басқа көзде де көру өрісінің жоғалу фактісі дәлел бола алады.

 

191. Есту және тепе-теңдік сақтау ағзасы: жалпы құрылысы

Гравитация анализаторының құрылысы. Sacculus utriculus және жартылай түтіктер ампулуларының тегіс эпителимен астарланған ішкі бетінде сезімтал (түкті) жасушалар орналасқан, оларға сыртқы жағынан pars vestibularis n. vestibulocochlearis-тің талшықтар келеді. Utriculus пен sacculus -терде бұл жерде ақшыл дақтар — maculae utriculi et sacculi пішіндес келеді, өйткені олардағы сезімтал эпителий іркілдек затпен жабылған, ал жартылай дөңгелекті түтіктердің ампулаларында олар қырқашықтар — cristae ampullares — түрінде болады.

Гравитация анализаторлары рефлекс доғасының бірінші нейроны — ganglion vestibulare ішінде жатады (145 сурет). Бұл түйін жасушаларының шеткі өсінділері — pars vestibularis n. vestibulocochlearis құрамында лабиринт нервтерінің VIII жұбының pars vestibularis-і түрінде осы нервтің pars cochlearis-імен бірге porus acusticus internus арқылы бассүйек қуысына өтіп, одан әрі көпір-мишық бұрышында ми затына енеді. Бұл жерде бірінші нейронның талшықтары жоғары көтерілуші және төмен түсуші болып бөлініп, сопақша мида және көпірде ромбтәрізді шұңқырдың түбінде орналасқан вестибулярлық ядроларға (екінші нейрон) келеді. Онда төрт, вестибулярлық ядро болады: жоғарғы, латералды, медиалды және төменгі. Жоғары көтерілуші талшықтар жоғарғы ядрода, төмен түсуші талшықтар қалған үшеуінде аяқталады.

 

192.Сыртқы құлақ,құрылысы,қызметі

Сыртқы құлақ, quris externa, құлақ қалқаны мен сыртқы есту өтісінен тұрады (137 сурет).

Құлақ қалқаны, auricular, әдетте құлақ деп аталады, ол терімен қапталған серпінді шеміршектен түзілген. Құлақ қалқанының сыртқы пішіні мен шығыңқы жерлері шеміршекке байланысты: бос қайырылған жиегі — құлақ шиыршығы — helix және оған параллель қарсы шиыршық — anthelix, сондай-ақ алдыңғы томпақ-құлақ бүртігі — tragus және соның артында жатқан құлаққа қарсы бүртік — antitragus — деп аталады.

Сыртқы есту өтісі, meatus acusticus externus, екі шеміршекті және сүйекті бөліктен тұрады. Тұтас дыбыс жолы ұзындығының үштен екісін құрайтын сүйекті есту өтісі сыртқа — porus acusticus externus — арқылы ашылады (Самай сүйегін қараңыз), осы тесіктің жиегімен дөңгелек сүйекті жүлге — sulcus tympanicus — өтеді. Ерекше бездер — glandulae ceruminosae — көп болады.

Дабыл жарғағы, membrane tympani, сыртқы және ортаңғы құлақ шекарасында жатады, оның жиегі сыртқы дыбыс жолының шетінде рамаға қойылған сияқты sulcus tympanicus-ке еніп тұрады. Дабыл жарғағы sulcus tympanicus-ке фибриозды сақина, annulus fibrocartilagineus, арқылы бекиді. Есту өтісінің ішкі шетінің қиғаш орналасу қалпына байланысты жарғақ қиғаш, ал жаңа туған нәрестелерде горизонталды дерлік тұрады. Ересек адамда дабыл жарғағы сопақ пішінді келеді; ол жұқа жартылай жарық өткізетін табақша болып табылады, орталығында жалпақ құйғыштәрізді ішіне қарай тартылған кіндік, umbo membranae tympani, болады. Оның сыртқы беті есту жолының тері жабындысының, stratum cutaneum, жұқарған жалғасымен, ал ішкі беті дабыл қуысының шырышты қабығымен, stratum mucosum, қапталған.

 

193.Ортаңғы құлақтың анатомиясы, дабыл қуысының қабырғалары,қатынасы.

Ортаңғы құлақ,auris media, дабыл қуысын мен есту түтігінен тұрады.Ол дабыл қуысын жұтқыншақтың мұрындық бөлігімен жалғастырады.Дабыл қуысы cavitas tympanica самай сүйегі пирамидасының негізінде сыртқы дыбыс жолы мен ішкі құлақ арасында жайғасқан. Онда дыбыс тербелістерін дабыл жарғағынан лабиринтке беретін үш кішкене сүйектен тұратын тізбек.

Дабыл қуысы 6 қабырғасы болады

1.Дабыл қуысының латералды қабырғасы-paries membranaceus

2.Дабыл қуысының медиалды қабырғасы лабиринтке жалғасып жатады да, лабиринттік қабырға paries labyrinthicus д.а

3.Дабыл қуысының артқы артқы қабырғасын

 

194. Ішкі құлақ, бөлімдері,құрылысы,қызметі

Ішкі құлақ немесе лабиринт, самай пирамидасының қабатында дабыл қуысы мен ішкі дыбыс жолы арасында орналасады. Ішкі есту жолы арқылы лабиринтпен n. vestibulocochlearis шығады. Сүйекті есту жолы арқылы лабиринттерді ажыратады. Жарғақты лабиринт сүйекті лабиринттің ішінде жатады.

Онда үш бөлімді: кіреберісті, жартылай дөңгелекті өзектерді, ұлуды ажыратады, ұлу кіреберісте алға қарай, медиалды және біршама төмендеу, ал жартылай дөңгелекті өзектер артқа қарай, латералды және одан жоғары қарай орналасады.

Кіреберіс — vestibulum — лабиринттің ортаңғы бөлігін құрайды, ол арт жағынан жартылай дөңгелекті өзектердің бес тесігімен, алдыңғы жағынан кеңдеу тесік арқылы ұлу өзегімен жалғасатын кішкене, шамамен сопақша пішінді қуыс. Кіреберістің дабыл қуысына қараған латералды қабырғасында бізге белгілі үзеңгі сүйекше табақшасы алып жатқан тесік — fenestra vestibuli — орналасады. Кіреберістің медиалды қабырғасының ішкі бетімен өтетін қырұңғылға — crista vestibule — арқылы кіреберіс қуысы екі ойысқа бөлінеді, олардың жартылай дөңгелекті өзектермен жалғасатын артқысы — recessus ellipticus — ал ұлуға жақын алдыңғысы — recessus sphericus деп аталады.

2. Сүйекті жартылай дөңгелекті өзектер — canalis semicirculares ossei — өзара перпендикуляр жазықтықта орналасқан үш доға тәрізді сүйекті жолдар. Алдыңғы жартылай дөңгелекті өзек — canalis semicircularis anterior — самай сүйек пирамидасының білігіне тік бұрыш жасай вертикалды орналасады, артқы жартылай дөңгелекті өзек те — canalis semicircularis posterior — вертикалды, пирамиданың артқы бетіне параллельді дерлік орналасады, ал латералды өзек — canalis semicircularis lateralis — дабыл қуысы жағына қарай горизонталды жатады. Әрбір өзекте екі аяқшадан бар, алайда олар кіреберісте тек бес тесікпен ашылады, өйткені алдыңғы жіне артқы өзектердің көрші шеттері бір ортақ аяқшаға — crus commune — бірігеді. Әр қуыстың аяқшаларының біреуі кіреберісте, құяр алдында ампула деп аталатын кеңжер түзеді. Ампуласы бар аяқша — crus simplex деп аталады.

3. Ұлу-cochlea- иірімді сүйекті өзектен-canalis spiralis cochlea-түзіледі, ол кіреберістен бастап екі жарым оралым жасап, ұлу қабыршағына ұқсап оралады. Айналасында ұлу жолдары оралатын сүйекті білік горизонталды жатады да — modiolus деп аталады. Ұлу өзегі қуысына, оның барлық айналымдары бойында — modiolus-тан сүйекті табақша — lamina spiralis ossea — кетеді. Бұл табақша ұлу түтігімен бірге ұлу өзегі қуысын екі бөлімшеге: кіреберіспен жалғасатын кіреберіс сатысына- scala vestibule және қаңқаланған сүйекте ұлу терезесі арқылы дабыл қуысына ашылатын дабылды сатыға — scala tympani — бөледі. Бұл терезенің жақын маңда, дабылды сатыда ұлу суқұбырының — aqueductus cochlea-ның кішкене ішкі тесігі орналасады, оның сүйек пирамидасының төменгі бетінде жатады.

Жарғақты лабиринт — labyrinthys membraneceus — сүйекті лабиринттің ішінде орналасады да, азды-көпті дәлірек оның пішінін қайталайды (140-сурет). Онда есту және гравитация анализаторларының шеткі бөлімдері орналасады. Оның қабырғалары жұқа жартылай мөлдір дәнекер-тінді жарғақтан түзілген. Жарғақты лабиринттің іші мөлдір сұйықпен — эндолимфамен толған. Жарғақты лабиринт сүйекті лабиринттен біршама кіші болғандықтан, екеуінің қабырғалары арасында перилимфамен толған аралық — перелимфалық кеңістік (spatipreilymphaticum) қалады.

еще рефераты
Еще работы по биологии