Доклад: Мұрғаб циклоны шыққан кездегі ауа райы. Процесстің статистикалық сипаттамалары.

Циклон Орта Азияға шықпай тұрып оның алдында болған суық енумен байланысты бұлтты суық ауа райы сақталып тұрады. Мұрғап өзенінде циклон пайда болғанды температураның өсуі байқалады және температураның өсуі жоғарғы қабаттарда шамамен 2-4км қабатта, сосын төмен қабаттарға таралады. Орташа тәуліктік температура 10-12С өсуі мүмкін. Ең жоғарғы температуралар жылы секторда байқалады. Жылы фронттың алдындағы ауаның жылынуы қарқынды түрде жүреді. Бұл жағдай ауа райы картасында жылы фронттың орналасуын анықтауды қиындатады. Циклонның окклюзиаланып болған кезде біраз уақыт тауда тропикалық ауа сақталады. Суық фрон өткен соң температура төмендейді және қарқынды төмендеуі циклонның регенрациясы болады. Қарқынды төмендеу антицик.ң орталығы солтүстік Қырғызстанда орналасқан кезде байқалады. Ауыспалы мерзімдерде бұл аудандарда үсіктер пайда болуы мүмкін. Циклон Мұрғап ауданында пайда болғанда ашық ауа райы немесе шамалы бұлтты ауа райы қалыптасады. Пайда болған соң 6-18сағ соң оның жылы фронтының алдында 500-700км созылып жататын жоғарғы қабаттың бұлттылығы пайда болады. Циклон солтүстік шығыс бағытта жылжыған кезде бұлттылық таулы аудандарда тығыздалып Asқалыптасады және кей жерлерде жауын шашын болады. Егер жылы секторда тропикалық ауаның ылғалдылығы төмен болса, онда жазық далада жауын шашын байқалмайды. Суық фронтта төмен қабат бұлттылығы Түркменияның оңтүстік шығысында пайда болады және сол жерде жауын шашын түседі. Бұлттылықтың биіктігі 200м және одан да төмен болуы мүмкін. Қарқынды жауын шашын циклонның регенерациясы кезінде пайда болды. Окклюзия процесссі аяқталғанда жауын шашын әлсірейді. Регенерациядан кейін батыс Сібірге жылжыған кезде жауын шашын қарқынды болады. Екінші суық фронттар пайда болса жазық далада тегіс бұлттылық пен және жауын шашынмен өтеді. Циклон пайда болғпн кезде оның жылы секторында және жылы фронттың алдында оңтүстік шығыс желдері болады. Циклон тереңдеген сайын жылдамдығы өседі. Ал суық фронттың артында солтүстік батыс желдер байқалады. Циклон қайта күшейсе, онда күшті солтүстік батыс желдері екінші суық фронттың артында байқалады және бұл жағдайда шаңды дауылда болуы мүмкін. Мұрғап циклонында қыста найзағайлар өте сирек болады. Ал көктемде найзағайлар негізгі және екінші негізді суық фронттарда пайда болады. Ерте көктемгі найзағайлар дәл осы мұрғап циклонымен байланысты. Циклонның жылы секторында және жылы фронттың алдында тұман сирек болады. Ол жиі суық фронттың артында қалыптасады. Олар радиациялық және адвективті болуы мүмкін. Цикллон жай жылжыған кезде адвективті тұман бірнеше рет байқалады. Радиациялық тұмандар күндізгі уақытта ыдырап кетеді.

Бұл циклонның қайталанушылығының максимумы қантарда, наурыз-сәуір айларында (1,1-

1,6 циклон) байқалады, минимумы – тамыз айында (0,03 циклон).

Циклонның жылжуы үш әртүрлі траекториямен өтеді:

1.қалыпты — оңтүстік-батыстан солтүст ік-шығысқа қарай (68% )

2.аномалды (15%)

3.ендіктік (17%).

 

50.Оңтүстік циклондар шыққан кезде ауа райы сипатының өзгеруі.Оңт.циклондар дегеніміз ол полярлы ПЖФА астында қалыптасқан және ауа райын болжайтын аудандарға оңт.тен келетін циклондар.Жалпы сипаттамалары:1.Күннің жылынуы.

2.Шарбы бұлттылығы және оның тығыздалуы.

3.Жылы фр.ң келуі.

4.СФ әрқашанда көп ылғалдылықпен жау.шаш алып келеді.

5.Күшті желдер.Оңт.циклонның өзі тез жылжиды.Бір тәулік ішінде 600-700 км жылжуы мүмкін және үлкен қысым градиентін қалыптастырады.

6 қарлы борандар, шаңды дауылдар байқалады.

7. Мұздану құбылысы болады.

8. Егер циклон аз жылжитын болса тұман байқалады.

9. Ең ерте байқалатын найзағайлар болады.

10.Жауын шашындар қыста да жаңбырдан басталады.

 

51. Суық ылғалды батыс енудің термобарикалық алқабы.Қарқынды батыс тасымалдануы кезінде Орта Азия мен Қазақстанға оңтүстік ендіктердегі ауа келмейді, Батыс Еуропа мен Атлантиканың үстінде Батыс тасымалдану аймағына жоғары ендіктерден келетін салыстырмалы түрде салқын қоңыржай ендіктің ылғалды ауасы келеді. Процестің осы түрінде горизонтальді осі Италия бойлығында болатын жалпақ, жылы, биік жотаның орнына Батыс Атлантиканың үстінде жақсы дамыған жылы биік жота болады. Мұндай енуді суық және ылғалды батыс ену деп атайды.

 

52. Батыс енудің ауа-райы жағдайлары. Процестің статистикалық сипаттамалары.Қазақстанда Батыс енулер тегіс бұлт жамылғысымен, жауын-шашынмен, күшті желдермен, жазда күннің салқындауымен өтеді. Енудің осы түрінде Қазақстанның солтүстігіндегі ауа райын РЕТ-на, Орал арқылы Батыс Сібірге жылжитын Zn-дар анықтайды. Zn-ң пайда болуы тез дамуы мен жылжуы РЕТ-ң солтүстік-батысынан Орал мен Батыс Сібір ауданына қарай бағытталған фронталды аумақтың астында пайда болады. Осымен қатар, Қазақстанның оңтүстік бөлігінде жер бетінде жоғарғы қысым аймағы байқалады. Соның арқасында орталық және солтүстік Қазақстанда қысым градиенті үлкен штормдық аймақ қалыптасады. Ол күшті желдерді тудырады. Жылдың суық мезгілдерінде күннің шамалы сууы болады, бірақ

әрқашан жауын-шашынмен өтеді.

Жылдың суық мезгілінде Zn-ң жырасы мен фронтың өтуі солтүстік аудандарда қардың қарқынды жаууына әкеледі және күшті желдермен бірге қарлы боран пайда болады. Көріну қашықтығы 50 метрге дейін төмендейді.Қазақстанның солтүстігінде ең күшті желдер Zn-дар оңтүстік және орта Оралға, AZn-дар республиканың оңтүстік-шығыс жәнешығыс аудандарынажеткенде байқалады. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында Батыс ену кезінде өте қауіпті желдер енудің артындағы суық ауа массалары күшті AZn ретінде берілсе болады. Желің күшеюі негізінен суық фронттар өткенде толқынның жанында болады. Жиі Батыс енулер оңтүстік Zn-ң артында болады. Осындай синоптикалық жағдайларда жылы мезгілде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында қарқынды жаңбыр жаууы мүмкін. Батыс енулер Арал теңізі маңында циклогенезбен өтеді. Осы жерде Zn-ң пайда болуы және дамуы қысым градиентін көбейтеді, батыс желдерін күшейтеді, енуді жылдамдатады.Жазда батыс ену температураның шамалы төмендеуіне алып келеді және жиі күшті жел мен шаңды борандармен өтеді.

Статистикалық сипаттамалары.Батыс енудің жалпы қайталанушылығы қыста 12,7% құрайды, ал жазда 2 есеге 24,8% көп болады. Батыс ену Қазақстан мен Орта Азияға келмей тұрып қысқы мезгілде 48% жағдайында оңтүстік Zn-ң шығуы және AZn-қ алқаптың байқалуы болады. Батыс ену өткеннен кейін Қазақстан мен Орта Азияда 53% жағдайда Azn тұрақталады, 16% жағдайда оңтүстік Zn-ң шығуы болады және 11% жағдайында Солтүстік батыс енуге ауысады. Жазғы мезгілде Батыс енудің алдында Орта Азия мен Қазақстанға 50% жағдайда ауа-райының AZn-қ түрі байқалады немесе 21% жағдайында төмен қысымның аз градиентті алқабы немесе термикалық депрессия байқалады. Батыс енуден кейін 48% жағдайда Azn тұрақталады, 28% жағдайда Солтүстік батыс енуге ауысады, 5% жағдайда термикалық депрессия орнығады. Қысқы жарты жылдықта Батыс ену жиі Azn-ң оңтүстік-батыс перифериясымен аяқталады.

 

53. Термикалық депрессия қалыптасқан кездегі ауа райы жағдайлары. Процестің статистикалық сипаттамалары.Термикалық депрессияны қалыптастыратын негізгі факторлары болып шөлдерде ауаның қызуы және орографиялық әсерлер табылады. Ол белгілі бір синоптикалық жағдайда пайда болады. Субтропикалық антициклонның біреуі батыста (Жерорта теңізінің шығысында, Месопотам мен Иранның батысында) орналасады, екіншісі шығыста Тибет тауында байқалады. Екі антициклонда, алдыңғы азиаттық термикалық депрессияның қалыптасуында маңызды рөлді атқаратын биік жырамен бөлінеді. Батыс антициклон, шығыс антициклонға қарағанда, әдетте қарқындырек және одан солтүстік-шығыста Орта Азияның батыс және орталық бөлігіне жылы биік жота дамиды. Сонымен қатар жотаның оң жағында Батыс Сібірден Памирге қарай созылып жатқан ультраполярлы биік жыра дамиды. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде тропикалық ауаны қоңыржай ендіктің ауасынан бөлетін ЖФА орналасады және ол Орта Азияға суық ауа массаларының енуіне кедергі болады. Суық енулерден шектелу 2–3 тәулік жалғасады, сол арада термикалық депресияның дамуы болады. Депрессия дамыған кезде ауаның орташа тәуліктік темп-сы тәуліктен-тәулікке жоғарылайды. Термикалық депрессия өте жоғары темп-ра кезінде дамиды. Депрессияның тереңдеуі барысында шаңды дауылдар үлкен аймақтарда болады. Ал түнгі сағаттарда жел баяулап, шаңды дауылдар тоқтайды. Ену фронты өткен кезде шаңды борандар байқалады.

Термикалық депрессияда күндізгі сағаттарда 2-3 км биіктікке дейін турбуленттік қатты дамиды және ұшақтарда дірілдеу байқалады. Депрессия толған кезде батыс ену жай өтеді және суық ауаның келуі депрессияның орталығына әсер етеді. Мұндай жағдайда депрессия тереңдемей ұзақ уақыт байқалуы мүмкін. Термикалық депрессия 88% жағдайда –маусым айының екінші жартысысында байқалады. Мамыр-маусымның бірінші жартысында 9%, қыркүйек айында 30% болады.

 

54. Жылудың кең шығуы болғанда ауа райының сипаты.Жер бетінде Орта Азияда шамамен градиентсіз қысым алқабы, бұлтсыз, әлсіз тұрақсыз желді ауа райы байқалады. Ауа температурасының әр тәулік сайын 2–3 °С өсуі байқалады. Бұл процес 1-3 тәулікке дейін созылады. Процесстің соңында ғана, суық енудің болуының алдында, шығыс желдері (урсатьев) күшейіп, таулы аудандарда бұлттылық пайда болады. Жылы ауаның кең шығуы батыс немесе солтүстік-батыс суық енумен аяқталады (54% жағдайда суық жартыжылдықта, 64% жағдайда жылы жартыжылдықта). Осы процесстің орташа қайталанушылығы айына 0,1-0,5 жағдайда болады. Суық жартыжылдықта пайда болу ықтималдылығы процесстердің барлық түрлерінің жалпы санынан 1,9% құрайды, ал жылы жартыжылдықта — 0,7% құрайды. Бұл процесстің алдында антициклонның оңтүстік-батыс перифериясы немесе батыс ену байқалады. Оның ұзақтығы желтоқсан айынан шілде айына дейін 1,5 тәуліктен 2,7 тәулікке дейін болады (максимумы қантарда). Шілде мен қазан айларында орташа ұзақтығы 6-24 сағаттан аспайды.

55. Термикалық депрессияның дамуы және толу кезеңдеріндегі қауіпті құбылыстар.Депрессия дамыған кезде ауаның орташа тәуліктік темп-сы тәуліктен-тәулікке жоғарылайды. Термикалық депрессия өте жоғары темп-ра кезінде дамиды. Депрессияның тереңдеуі барысында шаңды дауылдар үлкен аймақтарда болады. Ал түнгі сағаттарда жел баяулап, шаңды дауылдар тоқтайды. Ену фронты өткен кезде шаңды борандар байқалады.

Термикалық депрессияда күндізгі сағаттарда 2-3 км биіктікке дейін турбуленттік қатты дамиды және ұшақтарда дірілдеу байқалады. Депрессия толған кезде батыс ену жай өтеді және суық ауаның келуі депрессияның орталығына әсер етеді. Мұндай жағдайда депрессия тереңдемей ұзақ уақыт байқалуы мүмкін.

 

Сайқан желі кезінде 1 тәулік шамасында әрқашан салқындау байқалады. Жоңғария территориясына суықтың енуінен кейін Ебі желі қалыптасады, сондықтан температура осылайша өзгереді. Бұл аудан шторм кезінде Жоңғариядағы антициклон мен Ташкент облысындағы циклон ортасында қалады.

Сайқан Жоңғар қақпасына суық енудің басталуымен байланысты. Қазақстанның шығыс территориясында синоптикалық процестердің мұндай өзгерісі бірінші жағдайда Жер бетінде қысымның өсуіне, ал екінші жағдайда төмендеуіне алып келеді.

Сайқан желінің қалыптасуына қолайлы негізгі синоптикалық жағдай – Қазақстан территориясына суық ауа массаларының енуі. Бұл жағдайда антициклон орталығы оның шығыс бөлігіне жетеді. Осы кезде Қырғызстан, Моңғолия мен Қытайдың солтүстік-шығысында, Алтай аймағының оңтүстік-шығысында циклондық алқап байқалады.

59.Қаз территориясындағы қарқынды жауын-шашынның кеңістік-уақыттық таралуы мен сипаттамасы. Қазақстанның оңтүстік-шығысында жазда жауын-шашынның түсуі негізінен әртүрлі суық енулермен байланысты. Жауған жауын-шашынның ұзақтығы мен мөлшері антициклонның жылжу траекториясынан байланысты болады. Егер антициклон солтүстіктен Оралдың оңтүстігіне немесе одан сәл батысқа қарай жылжыса, онда суық фронт Қазақстанның оңтүстік-шығысында жауын-шашынға алып келеді. Егер суық ауа массаларының енуі алдында Орта Азиядан циклонның шығуы болса, онда жауын-шашын көп, ұзақ және барлық жерде жауады. Барлық суық енулер болғанда Қазақстанның оңтүстік-шығыс аудандарында антициклонның қалыптасу кезінен бастап, енудің соңына дейін фронтальды аумақта 5 км қабатқа дейін температураның айырмашылығы өседі. Егер 850 гПа деңгейінде антициклон қалыптасқан кезде температураның айырмашылығы 15 – 20 °С құраса және одан да көп болса, онда Қазақстанның оңтүстік-шығысының таулы аудандарында суық фронт күшейіп, жауын-шашынға алып келеді. Егерде температураның айырмашылығы 10 °С аспаса, онда суық фронт тау алдында күшеймейді, кейде сейіліпте кетеді. Жауын-шашындар, әдетте температураның айырмашылығы азайған уақыттан бастап тоқтайды. Солтүстік ену кезінде жауын-шашындар оңтүстік-шығыс ауданда антициклонның орталығы Қарағанды облысының шығысына жеткенде тоқтайды. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы, солтүстік және солтүстік-батыс енулермен байланысқан, толқындық әрекет жауын-шашынның жауу сипатына әсер етеді. Толқындық әрекет кезінде жауын-шашынның жауу кезеңдері бұлтты жауын-шашынсыз кезеңдермен кезектеседі. Жауын-шашынның тоқтауына температураның өсуі, ал қайтадан жаууына – төмендеуі сәйкес келеді, ол толқынның жылы және суық бөліктерінің өтуімен байланысады. Жауын-шашынның үзіліп жаууы бірнеше тәулік бойы жалғасуы мүмкін. Қазақстанда нөсерлі жауын-шашындар жиі жылы жартыжылдықта байқалады, өйткені сол кезде оның пайда болуына қолайлы конвективті жағдайлар қалыптасады. Әсіресе ол, үлкен территорияда нөсерлі жауындарды қалыптастыратын, солтүстік және батыс Қазақстанда азжылжымалы циклон пайда болғанда анық көрінеді.

еще рефераты
Еще работы по географии