Доклад: Сезіктіні ұстау хаттамасы
Ақтас қ. 30 желтоқсан 2014 ж.
Хаттаманың жасалған уақыты 22 с. 00 мин
Ақтас қалалық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі полиция капитаны Торғайбеков С.К. 2014 ж. 30 желтоқсанда 21 с. 00 мин. ҚР ҚІЖК 134 және 135 баптарына сәйкес сезікті ретінде ұстадым:
1. Фамилиясы, аты, әкесінің аты: Пірімбетов Иманқұл Абылайұлы
2. Туған жылы, айы, күні: 15 мамыр 1965 ж.
3. Туған жері: Ақтас қаласы
4. Тұрғылықты жері және (немесе) тіркелген жері: Ақтас қ. 9 шағын аудан, 29 үй, 68 пәтер; телефон: 31-04-41.
5. Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы
6. Білімі: арнаулы орта
7. Отбасы жағдайы, отбасы құрамы: үйленген, әйелім Пірімбетова Айгүл Серікқызы, 1966 жылы туған; кәмелетке толмаған екі балам бар: ұлым Арман – 4 жаста, қызым Айша 10 – жаста
8. Жұмыс істейтін немесе оқитын жері: Ақтас ет комбинаты № 4 цех, ауысым бастығы; телефон 52-01-58
9. Әскери міндеттілігі: әскери міндетті Ақтас қалалық әскери комиссариатында есепте тұрамын
10. Соттылығы: бұрын сотталмағанмын
11. Төлқұжаты немесе сезіктінің жеке басын куаландыратын өзге құжаты: жеке куәлік № 021035113 ҚР ІІМ 19 маусым 2007 жылы берілген.
12. Сезіктінің жеке басы туралы өзге мәліметтер: мемлекеттік наградаларым жоқ, денім сау, басымнан жарақат алмағанмын, көріп, естуім жақсы.
Сезікті Пірімбетов И.А. Ақтас ҚІІБ аймақтық инспекторы, полиция аға лейтенанты А.А. Сәрсеновпен аз. О.С. Тұрсынбаевқа қарашылық шабуыл жасағанан кейін 2014 ж. 30 желтоқсанда 20 с. 40 мин қоғамдық көлік аялдамасының маңында ұсталған. Ұстау кезінде И.А. Пірімбетовтен О.С. Тұрсынбаевқа тиесілі қара былғары куртка және Пірімбетов Тұрсынбаевқа шабуыл жасау барысында қолында болған пышақ алынды.
Ұстауға негіз: тұлға тікелей қылмыс жасағаннан кейін ұсталған, жәбірленуші ол адамды қылмыс жасаушы ретінде тікелей көрсеткен, ол адамда қылмыстың анық ізі табылған.
Ұстауға себеп: сезікті ауыр қылмыс жасаған егер ол бостандықта қалатын болса ол алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынуы немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастыруы мүмкін деген негіз бар.
Ұсталған Пірімбетов И.А. ҚР ҚК-сі 179 б. 2 б. «г» тармағында қаралған қылмысты жасаған деп сезік келтірілген.
Маған ҚР ҚІЖК-нің 68-бабында көзделген сезік келтірілген адамның құқықтары, соның ішінде қорғаушы шақыру және соның қатысуымен жауап беру құқығым түсіндірілді. Оған сәйкес мен құқылымын:
1) ұстауды жүзеге асырған адамнан өзіме тиесілі құқықтар туралы дереу түсіндірме алуға;
2) өзіме не үшін күдік келтірілгенін білуге;
3) өз бетімше немесе өзімнің туысқандарым немесе сенім білдірген адамдарым арқылы қорғаушы шақыруға;
4) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушымен жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия жолығуға;
5) өзім бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушым қатысып отырған кезде ғана түсініктеме мен айғақ беруге;
6) өзіме қарсы қылмыстық іс қозғалғандығы туралы туралы қаулының, ұстау хаттамасының және бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулының көшірмелерін алуға;
7) түсініктеме мен айғақ беруден бас тартуға;
8) дәлелдер ұсынуға;
9) өтінішті, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті және қарсылықты мәлімдеуге;
10 ) ана тілімде немесе өзім білетін тілде айғақ пен түсініктеме беруге;
11) аудармашының тегін көмегін пайдалануға;
12) тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен өзімнің өтінішім бойынша немесе қорғаушымның не заңды өкілімнің өтініші бойынша жүргілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға;
13) өзімнің қатысуыммен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертпелер беруге;
14) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне шағым беруге;
15) өзімнің құқықтарым мен заңды мүдделерімді заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға.
Сонымен қатар маған ҚР Конституциясының 77-бабына сәйкес мен өзіме-өзім, жұбайыма және заңменбелгіленген шектегі жақын туыстарыма қарсы айғақ беруге міндетті емес екендігім түсіндірілді.
Сезікті Пірімбетов И.А.
30 желтоқсан 2014 ж. 22 с.00 мин.
Өзін ұстауға қатысты И.А. Пірімбетов ол шындығында да қолына пышақ ұстап О.С. Тұрсынбаевқа оның былғары курткасын иемденіп алу үшін шабуыл жасағандығын және сол жерден кездейсоқ өтіп бара жатқан полиция қызметкеріне ұсталып қалғандығын және оған өзінің құқықтары толық көлемде түсіндірілгенін, өзінің қорғаушы алудан бас тартатындығын себебі өз құқықтарын өзінің қорғағысы келетіндігін мәлімдеді.
Сезікті* Пірімбетов И.А.
Куәгерлердің қатысуымен:
1. Асанова Алмагүл Қойшыбайқызы, мекен-жайы Ақтас қ. 22-55-48;
2. Беріков Сәрсен Ізбергенович, мекен жайы Ақтас қ. 22-52-12; ҚР ҚІЖК-нің 135, 230, 232 және 233 баптарына сәйкес сезікті И.А. Перімбетовты жеке тінту жүргізілді.
Ұсталған адамға жеке тінту жүргізілгенге дейін сезіктіге және өзге қатысушыларға ҚР ҚІЖК-нің 232, 233 баптарында бекітілген тінту мен алуды жүргізудің тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар куәгерлерге ҚР ҚІЖК-нің 86-бабында бекітілген олардың құқықтары, міндеттері және жауаптылықтары түсіндірілді.
Сезікті Пірімбетов И.А.
Куәгерлер: Асанова А.Қ.
Беріков С.І.
Өзге қатысушылар: болған жоқ.
Ұсталған адам қытайлық жасыл түсті куртка-пуховик, мойнында Шотландиядан шығарылған қызыл түсті мохер шарф, қоңыр түсті замшыдан тігілген пиджак, мақта-матадан түгілген ақ түсті көйлек, қара-қоңыр түсті жартылай жүннен тігілген шалбар, қоңыр түсті былғарыдан тігілген ботинка киген.
Сезікті И.А. Пірімбетовты жеке тінту барысында одан төменде көрсетілген заттар табылып, алынды:
1) саусағынан жылан эмблемасы салынған сары түсті металлдан жасалған печатка типтес 583 пробалы жүзік;
2) пиджактың ішкі қалтасынан 100 мың теңге соммасындағы ақша.
И.А. Пірімбетовты жеке тінту барысында табылып, алынған заттар ақ түсті қалың конвертке салынып, желімделді оған куәгерлердің және тергеушінің қолдары қойылып, Ақтау ҚІІБ-нің № 123 мөрі басылды.
Сезіктіге жеке тінту жүргізген тергеуші
полиция капитаны Торғайбеков С.К.
Сезіктіні ұстау және жеке тінтудің аяқталуының барысында оның жүргізілуіне қатысушы тұлғалардан мәлімдемелер түскен жоқ.
Сезікті Пірімбетов И.А.
Куәгерлер: Асанова А.Қ.
Беріков С.І.
Өзге қатысушылар: болған жоқ.
Хаттаманы тергеуші С.К. Торғайбеков дауыстап оқыды.
Хаттама бойынша ескертпелер жасалған жоқ.
Сезікті Пірімбетов И.А.
Куәгерлер: Асанова А.Қ.
Беріков С.І.
Өзге қатысушылар: болған жоқ.
Тергеуші
полиция капитаны Торғайбеков С.К.
Сезікті И.А. Пірімбетов Ақтас қалалық уақытша ұстау изоляторына жіберілді.
И.А. Пірімбетовтың ұсталғандығы туралы хабарлама Ақтас қаласының прокуроры аға әділет кеңесшісі Т. С. Айтуаровқа 2014 ж. 30 желтоқсанда 22 с. 20 мин. жіберілді.
И.А. Пірімбетовтың қылмыс жасауға сезікті ретінде ұсталғандығы туралы И.А. Пірімбетовтың әйелі Ақтас қ. 9 шағын аудан, 29 үй, 68 пәтер мекен-жайында тұратын Пірімбетова Айгүл Серікқызына хабарланды
Тергеуші
полиция капитаны Торғайбеков С.К.
Хаттаманың көшірмесін 2014 ж. 30 желтоқсан күні 22 с. 30 мин алдым.
Сезікті И.А. Пірімбетов