Лекция: Және желдетуге, сауда және басқа да үй-жайлардың ауасына, микроклиматына қойылатын талаптар

 

31. Объектілердің ғимараты орталықтандырылған салқын және ыстық су жүйесімен, суды бұрумен жабдықталады.

32. Пайдаланылатын ауыз су санитариялық қағидаларда белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы тиіс.

33. Елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған кезде жергілікті көздерден алынатын суды пайдалануға жол беріледі. Шаруашылық-ауыз су қажеттілігі үшін таңбаланған сыйымдылықтарда, мамандандырылған автокөлік құралымен жүзеге асырылатын суды пайдалануға жол беріледі.

34. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған кезде объектінің жуу үй-жайларында су ысытқыштар орнатылады.

35. Ауылдық және ішінара кәрізделген елді мекенде сарқынды суды жинау үшін қақпағы бар су өткізбейтін қазылған шұңқыр құрылғысына жол беріледі. Шұңқыр толуына байланысты тазартылады.

36. Ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналасқан, құрамында қоғамдық тамақтану объектілері бар тамақ өнімдерін сату алдында дайындаумен айналысатын объектілер үшін дербес өндірістік кәріз орнатылады.

37. Тұрғын үй ғимаратына ішіне салынған объектіде өндірістік үй-жайларда, сауда залдарында, қойма үй-жайларында ревизияларымен кәріз құбырларын өткізуге жол берілмейді.

38. Тамақ өнімдерін сатуға қабылдайтын, сақтайтын, дайындайтын үй- жайларда және объектілердің қосымша үй-жайларында тұрмыстық сарқынды судың құбырларын жүргізуге жол берілмейді.

39. Тұрғын үй ғимараттарына немесе өзге де мақсаттағы ғимараттардың ішіне ішіне-жапсарлас салынған, жапсарлас немесе ішіне салынған объектілердің суды бұру жүйесі осы ғимараттардың суды бұру жүйелерінен бөлек көзделеді.

40. Сауда алаңы 1000 м2 асатын объект келушілерге арналған санитариялық тораппен жабдықталады. Персонал мен келушілерге арналған дәретханалар бөлек көзделеді.

41. Объектілердің жанынан үй-жайларды жинау кезінде су алуға арналған, ыстық және салқын су келтірілген кранмен жабдықталған үй-жай (орын) бөлінеді.

42. Есік алдындағы жеке тұрған дәретханалар объектінің шаруашылық аймағына орналастырылады, жылытылады, таза ұсталады және дезинфекцияланады. Кәрізделген елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға және суды бұруға қосылады.

43. Жасанды жарықтандыру көздері жарық беретін қорғаныш арматурасының ішіне салынады. Қажет болған кезде жұмыс орындарында қосымша жарықтандыру көздері орнатылады.

44. Істен шыққан газразрядты, энергия үнемдейтін шамдар және сынап толтырылған өлшеу аспаптары кәдеге жаратылады. Оларды жинау және уақытша сақтау үшін жеке үй-жай бөлінеді, кейіннен оларды қайта өңдеу (демеркуризациялау) пункттеріне береді. Пайдаланылған шамдар мен аспаптар осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алынуы және тіркелуі тиіс.

45. Терезелердің әйнектелген сыртқы және ішкі беттерін, терезе жақтауларын тазарту ластануына байланысты жүргізіледі. Жылдың жазғы және ауыспалы мезгілінде ашылатын барлық ойықтарды жәндіктер кірмейтін қорғаныш торлармен жабдықтайды.

46. Объектінің үй-жайларында табиғи желдетуден басқа, сауда, қосымша және санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар ықтиярсыз желдеткіш жүйесімен және/немесе ауа баптағыштармен жабдықтайды.

47. Ауданы 50 м2дейінгі объектіде үй-жайларды табиғи желдетуге жол беріледі.

48. Объектілердің ішке сору-сыртқа шығару желдеткішін тұрғын үй ғимаратының желдеткіш жүйесімен біріктіруге тыйым салынады. Тұрғын үй ғимараттарының ішіне салынған объектілерді ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен жабдықтаған кезде шуды оқшаулау іс-шаралары жүргізіледі.

49. Объектілердің қойма және сауда үй-жайларының желдеткіш жүйелері бөлек орналастырылады. Қойма, сауда үй-жайларының желдеткіш жүйелерін санитариялық тораптармен және себезгі бөлмелерімен біріктіруге жол берілмейді.

50. Механикалық тарату желдеткіші жүйелерінде берілетін сыртқы ауаны тазарту және оны қысқы уақытта жылыту көзделеді. Тарату желдеткіші үшін ауа алу жерден кемінде екі метр биіктікте неғұрлым аз ластанатын аймақтарда жүзеге асырылады.

Ылғалды, жылуды, шаңды көп шығаратын көздер болып табылатын жабдықтар мен жуу ванналары барынша көп ластану аймағында молынан соратын жергілікті сору жүйелерімен жабдықталады.

51. Сору желдеткішінің шахталары биіктігі кемінде 1 м-ге шатырдың түйіскен жерінен немесе тегіс жабынның үстінен шығып тұрады.

52. Объектінің үй-жайларындағы рұқсат етілетін температура мен ауа алмасу жиілігі осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

53. Көкөністерді, жемістерді, жидектер мен аскөктерді сақтауға арналған салқындату камералары объектінің басқа желдеткіш жүйелерімен байланысты емес жасанды іске қосылатын тарату желдеткішімен жабдықталады.

54. Желдеткіш каналдары, технологиялық жабдықтан тарайтын ауаөткізгіштер тоқсан сайын бір реттен сиретпей тазартылады.

55. Үй-жайлардың ауасында зиянды заттардың рұқсат етілетін шекті шоғырлануының, жарықтанудың, шу мен дірілдің рұқсат етілген деңгейінің артуына жол берілмейді. Жарықтанудың, микроклиматтың, желдету және ауа баптаудың деңгейлері «Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа, қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес болуы тиіс.

56. Объект орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесімен жабдықталады, болмаған кезде жергілікті жылыту жүйесіне (қазандық, пештер, электржылытқыштар) жол беріледі. Жылумен жабдықтаудың барлық түрлері кезінде жылытқыш аспаптардың жинау, қарау және жөндеу үшін қол жетімділігін қамтамасыз етеді.

57. Тұрғын үй ғимаратының ішіне салынған немесе ішіне-жапсарлас салынған объектінің жылумен жабдықтау жүйесін ғимараттың тұрғын бөлігінің жылыту жүйесімен қосуға жол берілмейді.

 

 

еще рефераты
Еще работы по биологии