Лекция: Жауап бірдей)Ерлер кіші жамбас астауының қанмен қамтамасыз етілуі. 1 страница
A testicularis. a renalis басталатын жерден төмендеу, кейде оның өзінен басталатын жіңішке ұзын сабау болып табылады. Атабезді қоректендіретін артерияның мұндай биік жерден шығуы оның бел аймағында болуына байланысты a.testicularis қолқадан ең қысқа қашықтықта пайда болады. Кейін, атабез ұмаға түскенде сонымен бірге a. testicularis-те ұзарады, ол нәресте туар кезде m. psoas major-дың алдыңғы бетімен түседі, несепағарға тармақ береді, шап өзегінің ішкі сақинасына келіп ductus deferens-пен бірге атабезге жетеді. Әйелдерде сәйкес артерия шап өзегіне емес, кіші жамбас астауына, ал одан әрі lig.suspensorium ovarii құрамында анабезге қарай келеді.
124)Тік ішек(rectum proctos)тоқ ішектің соңғы бөлігі болып табылады.Оның ұзындығы 12-15 см, д-2.5-2.7 см .Ішек кіші жамбас қуысында орн.Оның артынан сегізкөз бен құйымшақ, алдынан қосалқы без несепқуығы, еркектерде ұрықкөпіршіктері мен ұрықшығарушы түтіктердің кеңжері,әйелдерде жатыр мен қынап орналасқан.Өзінің жоғарғы бөлімінде, сегізкөз иіліміне сәйкес, тік іщек сегізкөздік иілім, ал төменгі бөлікте құйымшақты бүгіп өтетін және шығыңқы жанымен алдына бағытталған шатаралық иілім түзеді.Кіші жамбас қуысында орналасқан.тік ішек бөлігі сегізкөз деңгейінде кеңеюі тік ішек түзеді.Шатарылықтан өтетін, тар бөлігі артқы өтістік өзек деп аталады, ол сыртқы тесікпен артқы өтіспен ашылады.Тік ішектің кілегейлі қабығы призмалы эпителиймен қапталған, көптеген кілегейлі жасушалары және жекелеген лимфа түйіншектері бар.Қалыңдаған шырышасты негізінде тамырлық және нерв өрімдері болады, мұнда лимфоидті фолликулдар көп.Кілегейлі қабық мен кілегейасты негізі көлденең және ұзына бойлық қатпарлар түзеді.
Несепағар(ureter)жұп ағза,30-35 см д8мм болатын бүйрек түбегі мен қуықты жалғайтын ұзын түтік.Несепағардың іштік бөлігі (pars abdominali)үлкен бел бұлшықетінен алдыңғы бетімен кіші жамбасқа өтеді, жамбас бөлімі жамбастың шектелген сызығы арқылы алға, медиалді және төмен, ағзаның интрамуральді бөлігін жасай қуық түбіне өтеді.Несепағар 3жердан тарылу түзеді, бүйрек қуысынан несепағарға шығатын жерінде,іштік бөлімнің жамбас бөліміне өтуінде және несепағардың қуыққа өтетін жерінде болады.Несепағар қабығы кілегейлі, бұлшықеті және дәнекер қабықтардан тұрады.Кілегейлі қабық, эпителиймен қапталған және терең қатпарлы, жиырылған бұлшықеті қабығы жоғары бөлімінде 2қабттан ішкі және сыртқы циркулярлы ал төменгі бөлімінде 3қабаттан ішкі, сыртқы, ортаңғыдан тұрады.Бұлар несептің бүйректен қуыққа өтуін жүргізеді.Сыртынан несепағар дәнекер қабықпен жабылған.
Несепқуық(vesica urinariacystis)тақ қуыс ағза, көлемі 700-800см3 жамбас астауының түбінде орналасқан, оның пішіні несептің толуымен байланысты, Алдынан қасаға симфизі, еркектерде артқы жағынан ұрық бездері жіне тік ішек орналасқан.әйелдерде жатыр және қынаптың жоғарғы бөлігі орналасқан.Қуық өзінің төменгі бөлімі арқылы жамбас түбіне жанасады.Денесі (corpus vesicae)түбі (fundus vesicae), мойны (cervix vesicae )және ұшы apex vesicae болады.Несепқуықтың қабығы кілегейлі, бұлшықетті, дәнекерлі қабық және сірлі қабықтардан тұрады.
125)Сан артериясы a.femoralis сыртқы мықынартериясы сабауының байламы.Ол шап байламы бойының орта тұсында lacuna vasorum арқылы өткеннен кейін осылай деп аталады.Қан кетуде тоқтату үшін санға шығатын жерінде os pubis ке қысады.Тармақтары1)A.epigastrica superficialis-беткі құрсақүсті артериясы, сан артериясының ең басталатын жерінен шығып тері астымен кіндік аймағына қараай бағыт алады.2)A.circumflexia ilium superficialis –мықын сүйегін орайтын беткі артерия ол spina iliaca anterior superior аймағында теріге қарай кетеді.3)Aa.pudendae externae-сыртқы жыныс артериялары hiatus saphenous аймағында шығып, сыртқы жыныс мүшелеріне ұмаға немесе үлкен жыныс ернеулеріне барады.4)A.profunda femoris –терең сан артериясы санды қан тамырлармен жабдықтайтын негізгі тамыр болып табылады.5)сан артериясыныңr.musculares сан бұлшықеттеріне барады.6)A.genus descendens –төмендеген тізе буының төмен түсетін артериясы a.femoralis тенcanalis adductoris тің ішінде осы өзектен оның қабырғасы арқылы n.saphenus пен бірге шығып,m.vastus medialis ті қанмен қамтамасыз етеді.
127)Тақым артериясы –a.poplitae –сан артериясыныңтікелей жалғасы.Тақым шұңқырында a.poplitaeтікелейсүйектің өзінде және буын қапшығының артқы бетінде a.poplitae ныңалдында және шамалы медиалдылау орналасады.Тармақтары:1)aa.genus superiors lateralis et medialis –тізенің жоғарғы артериялары, латералды және медиалды, ортан жілік айдаршықтарының жоғарғы жиегі деңгейінде шығады.2)aa.genus inferioris lateralis et medilis –төменгі тізе артериялары, латериалды және медиалды, тізе буыны аймағында жоғары артериялар тәрізді тармақталады,3)a.genus media –ортаңғы тізе артериясы тізе буының жқғарғы және төменгі артерияларының арасы ортасынан шығады, буын қапшығын тесіп өтедіде крест тәріздібайламдарда тармақталады.
128)Асықты жіліктің алдыңғы артериясы ,a.tibialis anterior, тізеасты артериясының екі соңғы тармағының бірі.Басталғаннан кейін ол балтырдың бүккіш бетінің терең бұлшықеттерінтесіп өтіп, сүйекаралық жарғақтағы тесікарқылы сирақ алдына кетіп ,m.tibialis anterior менm.extensordigitorumlongusарасынан өтіп, төмендеу m.tibialis anterior менm.extensorhallucislongusаралығында жайғасады.Тармақтары:1)a.reccurenstibialis posterior –асықты жіліктің артқы қайырылма артериясы тізе буынына және асық жілікпен оның шабығы арасындағы буынға барады.2)a.reccurenstibialis anterior –асықты жіліктің алдыңғы қайтымды артериясы тізе тобығының латералды жиегіне қарай келіп ,rete articulare genus ты түзуге қатысады.3)aa.malleolaris rete anterioresmedialis et lateralis –алдыңғы толарсақ артериялары, латералды және медиалды, олар rete malleolaremediale et lateraleтүзуге қатысады. Асықты жіліктік артқы артерияa.tibialis posterior тізеасты артериясының жалғасы.Ол canalis cruropopliteus тің бойымен төмен түсе, балтырдың ортаңғы үштен бірі мен төменгі үштен бірінің шекарасында m.soleus тің медиалды жиегінен шығып, беткей орналасады.Балтырдың төменгі үштен бірінде a.tibialis posterior ,m.flexor digitorum longus пен m.flexor hallucis longus арасында, ахилл сіңірінен медиалды, тері және шандырмен ғана бүркеніп жатады.Ол медиалды тобықты артқы жағынан айналып өтіп, табанда өзінің екі тармағына a.plantares mediales et lateralis ке бөлінеді.Асықты жіліктің артқы артериясының ең үлкен тармағы a.peronea кіші жілік артериясы a.tibialis posterior даноның жоғарғы үштен бірінен шығып,canalis musculoperoneus inferior де өтіп,өкше сүйегінде аяқталады.
134.Иық-бас венасы (vena brachiocephalica)бастан, мойыннан және қол аймақтарынан қан жинайды. І қабырға соңында қос иық-бас веналары бір-бірімен жоғарғы қуыс венасын құрайды.
Иық-бас веналарына құяды: 1.төменгі қалқанша вена (v. Thyroidea inferior) қалқанша бездің төменгі бөлімімен кеңірдектің жоғарғы бөлігінің алдыңғы бетіндегі төменгі қалқанша өрімнен қан жинайды. 2.мойынның терең бұлшықеттері (v. cervicalis profunda) шүйде мен омыртқаның (v.vertebralis) мойынның терең веналары мен омыртқа бағанасының веналық өрімінен қан алып кетеді. 3.омыртқалық вена (v.vertebralis) омыртқа жотасы мен мойынның терең веналарынан. 4.ішкі кеуде веналары (vv.thoracica internae) алдыңғы құрсақ қабырғаларының жоғарғы бөлімінен, көкеттен, қабырғааралық кеңістіктерден сүт бездерінен қан жетеді. Сонымен қатар иық-бас веналары, көкірекаралық мүшелерінің ірі веналары келіп құяды: көкірекаралық веналар (vv.mediastinales), айырша без в-ры (vv.thymicae), өңеш в-ры (vv.esophagiales), бронхша в-ры (vv.brochiales), кеңірдек в-ры (vv.brochiales), жүрекмаңы қалтасы в-ры (vv.cordiacae), перикард және көкет веналары (vv.pericardia cophrenicae) және де ең жоғары қабырғааралық в-р (vv.intercostalis supremae).
135.V.azygos–сыңар вена мен v.hemiazygos – жартылай сыңар вена, іш қуысында бел веналарын бойлық бағытта байланыстыратын белдің өрлеме в-нан – vv.lumbalesascendensтүзіледі. Олар m.psoas major артында жоғары жүріп, көкет аяқшаларының бұлшықет шоғырлары арасында кеуде қуысына: v.azygos –оң жақтағы n.splanchnicus –пен бірге, v.hemiazygos сол жақтағы n.splanchnicusнемесе симпатикалық сабаумен бірге өтеді.
Көкірекаралық ағзаларынан қанды әкететін тармақтардан басқа, сыңар венаға тоғыз оң жақ төменгі қабырғааралық вена және солар арқылы омыртқалық өрімдердің веналары құяды. Сыңар вена v.intercostalis superior dextra-ны қабылдайды. Жоғарғы сол жақ қабырғааралық в-р v.hemiazygos accessoria-ға, ол жартылай сыңар венаға, жартылай сыңар вена 7-кеуде омыртқасы тұсында сыңар венаға құйылады.
№ 136 сураккажауап
Қақпа венасы v.portae, бауырдан басқа іш қуысының барлық ағзаларынана қан жинайды. Қақпа венасы, бауыр артериясы және ductus choledocus – пен lig.hepatoduodenale – де орналасқан жуан веналық сабау б.т. Қақпа венасы ұйқы безінің артқы жағында көкбауыр венасы мен екі жоғарғы және төменгі шажырқай веналарынан құралады. Аталған іштік байламында бауыр қақпаларына қарай бағыт ала, ол өз жолында v.gastrica sinistra et dextra және v. Prepylorica- ны қабылдап, бауыр қақпаларында бауыр паренхимасына кететін екі тармаққа бөлінеді. Бұл тармақтар бауыр паренхимасында бауыр үлесшелерін шырмайтын көптеген ұсақ тармақшаларға ыдырайды; капиллярлар бөліктердің ішіне өтіп, соңында v. Centralis –ке қосылып төменгі қуыс венпға құятын бауыр веналарына жиналады. Қақпа венасы жүйесі капиллярлардың екі торы арасында орналасады, оның бірінші торы қақпа венасын құрайтын вена сабауларына бастама береді, ал екінші тор бауыр затында жатады, ол жерде қ.в. соңғы тармақтар береді.V.lienalis –кокбауыр венасы көкбауыр, асқазан, және ұйқы безінен қан жинап, ұйқы безінің жоғарғы жиегі бойымен аттас артерияның артынан және одан төмендеу орналасып, қақпа венасына барады.V.mesenterica superior өз жолында жіңішке ішіктен, соқыр ішектен, жоғарылаған жиек және көлденең жиек ішектен вена тармақтарын қабылдап, ұйқы безі басының артына келіп, төменгі шажырқай венасымен қосылады.Ал vmesenterica inferior тік ішектің веналық өрімінен plexus venosus rectalis басталады. Осы жерден жоғары қарай бағыт алады, жолында оған сигма тәрізді тоқ ішіктің, төмендеген тоқ ішектің және көлденең тоқ ішектің сол жақ жартысынан салалар қосылады.Олұйқы безі басының артында алдын ала көкбауыр венасымен
№ 137 сураккажауапТөменгі қуыс вена, venacavainferior, денедегі ең ірі вена сабауы, іш қуысында қолқамен қатар, оның оң жағында жатады. Ол IV бел омыртқа деңгейінде қолқаның бөлінетін жерінен сәл төмендеу және одан оңға қарай екі ортақ мықын векналарының қосылуынан түзіліді. Төменгі қуыс вена қолқаның оң жағында орналасып, жоғарылаған сайын қолқадан алшақтайды. Оның төменгі бөлімі оң жақтағы m.psoas-тың медиалды жиегіне жпнасып жатады, содан кейін оның алдыңғы бөлігіне өтіп, жоғарғы жағында көктеттің бел бөлігі арқылы және бауырдың артқы бетіндегі sulcus venae cavae-де жайғасып, көкеттің foramen venae cavae арқылы кеуде қуысына өтіп, бірден оң жақ жүрекшеге құяды. Тікелей қуыс венаға құятын салалар қолқаның жұп тармақтарына сәйкес келеді. Олар қабырғақасылық веналарға және ішкі акғзалар веналарына бөлінеді.
Қабырға қасылық веналар: 1) vv.lumbales dextrae et sinistrae –әр жағынан төртеуден, аттас артерияларға сәйкес келеді, омыртқалық өрімдерден атастомоздар қабылдайды; олар өзара бойлық сабаулармен – vv.Lumbales ascendens қосылады.2)vv.phrenica inferiorsбауыр жүлгесінен өтетін жерде төменгі қуыс венаға құяды.
Ішкі ағзалардың веналары: 1)vv.testiculares –еркектерде (v.ovaricae әйелдерде) атабез аймағында басталып, аттас артерияларды өрім түрінде шырмап алады; оң жақv.testiculares тікелей сүйір бұрыш жасай төменгі қуыс венаға құйылады, ал сол жақ v.testicularesтік бұрыш жасай сол жақ бүйрек венасына құйылады.2)vv.renales –бүйрек веналары, аттас артериялардың алдында оларды түгелге жуық бүркей жүреді; сол жақтағы оң жақтағыдан ұзындау және қолқаның алдынан өтеді; 3)v.suprarenalis dextra бүйрек венасынан жоғарылау бірден төменгі қуыс венаға құйылады;v.suprarenalis sinistraкөбіне бұл венаға жетпей, қолқаның алдынан бүйрек венасына құйфлады: 4)vv.hepaticae- бауыр веналары, бауырдың артқы бетімен өтетін жерде төменгі қуыс венаға құйылады; бауыр веналары қанды бауырдан әкетеді, ал бауырға қан қақпа веналары мен бауыр артериялары арқылы келеді.
қосылып немесе өздігінен жоғарғы шажырқай венамен қосылып кетеді.
142.Кеуде түтігі ductus thoracicus,30-41cм оң жақ сол жақ бел сабауларының қосылуынан пайда болады. ХI кеудежәне II беломыртқаарасындаауытқыпотырады.Басталатынжеріндецистернасыболадыcisterna chili.Iш қуысында пайда болған кеуде түтігі қолқа тесігі арқылы кеуде қуысына өтіп, сол жерде жиырылу арқылы лимфаның түтікпен жылжуына жәрдемдесетін көкеттің оң жақ аяқшасымен бітісіп өседі.Ductusthoracicusкеуде қуысына өтіп, омыртқа бағанасыны алдымен жоғары көтеріліп қолқаның кеуде бөлігінің оң жағынан өңештің артқы жағына өтеді.Қолқа доғасының артында орналасады V-III кеуде омыртқалары денгейінде солға ығысады.VII мойын омырқасы денгейінде кеуде түтігі мойынға шығып, доға түзе, сол жақ ішкі мойындырық венасына немесе оның сол жақ бұғана асты венасымен қосылатын бұрышына құйылады. Кеуде түтігінің құйатын жері іш жағынан оған қан өтіп кетпеуіне тосқауыл болатын жақсы дамыған екі қақпақшамен жабдықталған. Кеуде торының сол жақ жартысының қабырғалары мен ағзаларын лимфа жинайтын,truncus bronchomediastinales sinister,сол қолдан лимфа жинайтын truncus subclavius sinister,келіпқұйылады. Барлықлимфаның ¾ бөлігін жинайды.
143.Лимфа түйіндері (лимфатические узлы); (nodi lymphatici, лат. nodi — түйін, lympha — таза су, ылғал) — пішіні дөңгелек немесе сопақша келген, лимфа тамырларының бойында орналасқан, лимфоциттердің түзілу процесі (лимфоцитопоэз) жүретін шеткі қантұзу мүшесі. Лимфа түйіндері сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Ол коллаген талшықтарынан, аздаған эластин талшықтарынан және миоциттерден құралған. Дәнекерүлпалық қапшықтан лимфа түйіндері ішіне тарала енетін дәнекерүлпалық перделікгер бір-бірімен торлана жалғасып, лимфа түйіндерінің негізін (стромасын) құрайды. Олардың аралықтарында лимфа түйінінің негізгі қызметтерін атқаратын оның паренхимасы орналасады. Паренхиманың негізін ретикулалы ұлпа құрайды. Лимфа түйіндері сыртқы — қыртысты заттан, ішкі — бозғылт заттан және осы заттардың аралығындағы — қыртысмаңы (паракортикальды) аймақтан тұрады. Қыртысты затты лимфобласттардан, макрофагтардан, дендритті жасушалардан және лимфоциттерден түзілген лимфа түйіншелері және қапшық пен түйіншелер аралығындағы шеткі қойнау құрайды. Бозғылт затты перделікгер, орталық қойнаулар, лимфоидты ұлпадан құралған жүмсақ баулар түзеді. Қыртысмаңы аймағын перделікгер, аралық қойнаулар мен төменгі лимфа түйіншелері және жұмсақ баулар құрайды. Шеткі, аралық және орталық қойнаулармен ретикулалы ұлпа арқылы лимфа сүзіле ағып, механикалық және биологиялық тазартулардан өтеді. Лимфа түйіндерінде фагоцитоз арқылы бөгде заттар жойылады, Т-және В- лифоциттер, иммунды денелер түзіледі. Лимфа түйіндері организмдегі қорғаныс және қантұзу қызметтерін атқарады.
144.Оңжақ лимфа түтігі
Оңжақ лимфа түтігініңductuslymhatycusdexter, 10-12 мм.Ол 3 бағанның: бас пен мойынның оң жақ аймағынан лимфа алатын, truncus jugulars dexter, он қолдан лимфа әкелетін, truncus subclaviusdexter, кеуде торының оң жақ жартысының қабырғалары мен ағзаларынан және сол жақ өкпенің төменгі бөлігінен лимфа жинайтын truncus bronchomediastinales dexter-дің қосылуынан түзіледі. Оң жақ лимфа түтігі оң жақ бұғанаасты венаға келіп құйылады
145. Баспенмойыншекарасыбойында 6 топ лимфа түйіндері бар: шүйде түйіні nodi limphaticioccipitales, шықшыт түйіндері nodi limphaticiparotidei, емізіктәрізді түйіндер nodi limphatici mastoidei, төменгі жақсүйекасты түйіндер nodi limphaticisubmandibulares, бет түйіндеріnodi limphaticifacialis, иекасты nodi limphaticisubmentales. Бет түйіндеріnodi limphaticifacialisкөзұясынан, ымдаубұлшықеттерінен,ұрт, ерін, қызылиекшырыштыбездерінен, ауызбенмұрынаймағындағысүйекқабығынан, тіластысілекейбездерденлимфажинайды. Иекасты nodi limphaticisubmentalesтілұшынанлимфажинайды. Мойынағзаларынанжұтқыншақ, өңеш, көмей, кеңірдек, қалқаншабезтереңлимфатамырларытереңмойынлимфатамырларыналимфақұяды. Қолтқық лимфа түйіндері қолтық қуысында 6 топтүзеді: латералды, медиалды, жауырынастылық, кеудеаралық, орталық, дальтопекторальды және төбелік. Қолтқық лимфа түйіндері қол аймағынан, алдынғы құрсақ қабырғасының жоғарғы бөлігінен, құрсақ қуысы қабырғасынан және сүт бездері латеральді бөлігінен қабылдайды.
1. Адам денесінің клеткаларының арасында сұйықтықпен толып тұратын өте кішкене кеңістіктер болады. Осы клетка аралық жолдардан тұйық капиллярлар торы түрінде лимфа тамырларының жүйесі басталады. Бұл лимфа капиллярлары олардан ірірек лимфа жолдарына жалғасады; кейінгілер дененің әр түрлі мушелерінде / қолтықта, мойында, шапта/ лимфа түйіндеріне келеді де, онда өте майда тамырларға тарамдалады. Лимфа түйіндерінен шыға берісте олар қайта бірігіп, үлкен сосуда құрайды. Бүкіл денедегі лимфа көкірек лимфа жолы және мойын лимфа ьтамыры арқылы оң және сол бұғана асты веналарына құяды.
Лимфаны құрамы. Қан ешуақытта денедегі клеткаларымен тікелей жанаспайды. Қанмен келетін қоректік заттар, оттегі және тағы басқалар, клеткалар араларын толтырып жатқан мөлдір я сорғыштау сұйық зат- ткань сұйықтығы арқылы беріледі. Әртүрлі органдардан ағатын лимфаның өзіндік ерекшіліктері болады, себебі, әрбір органда жүретін алмасу процесінің өзіндік өзгешіліктері бар. Мысалы, ішектен ағатын лимфаны сүт сөлі деп атайды. Оның себебі,ішектен лимфаға ас қорыту кезінде өте майда май түйіршіктері өтедіде, ол лимфаның түрін ағартады. Көкірек ағысы арқылы тәулігіне 1-3л. Лимфа қанға құйылады.
Лимфа жүйесі деп вена жүйесін толықтырып тұратын тамырлар жүйесін айтамыз. Лимфа жүйесіне лимфа саңылаулары, лимфа капиллярлары, лимфа тамырлары мен лимфа бездері жатады. Ол зат алмасу және фагоцитарлық процесстерге қатысады. Лимфа саңылауларына плевра мен жүрек қабының қуысы, мижәне жұлын қабықтарының аралықтары,ішектің сероздық қуысы, ми қарыншаларының қуысы, жұлын каналы, ішкі құлақтың лимфа қуысы, буын қуыстары жатады. Лимфа тамырлары лимфа капиллярларының бірігуінен пайда болады.Олар орналасуына қарай беткей және терең тамырлар болып екіге бөлінеді Лимфа бездері тізе буынында, тақым астында, жамбас, шат, шынтақ буынында,қолтық, жақ астында, мойында, бронхыда,ішек шажырақайында кездеседі. Ағзадағы барлық лимфа тамырлары көкірек және оң жақ лимфа өзектеріне барып аяқталады.
Лимфа бездеріне лимфа тамырларының бойында орналасқан бадамшалар, дара фолликулалар, ішектің бездер тобы және көкбауыр жатады. Лимфалық тамырлар терең және беткейлік болады. Біріншілері бауырдың томпайған бетімен шығып v. cava interior-мен бірге жүретін бағана түзіп көкеттің жоғарғы бетінде v. cavae interioris –тің өтетін жерінде орналасқан лимфа түйіндеріне келеді. Бауырдың сол жақ бөлімінің жоғарғы бетімен лимфа тамырлары өңешті құрсақ бөлімін айнала орналасқан лимфа түйіндеріне келеді. Терең лимфа жолдары бауыр қақпасы маңында орналасқан түйіндерге өтеді, ал жартысы он екі елі ішекке және ұйқы безінің басына барады. Лимфа түйіндері бауырдың қан тамырларына жақын орналасқандықтан және олардың ұлғаюы өт өзегінің және бауыр қан айналымының бұзылуына әкеліп соғады.
2. Лимфа түйіндері (лимфатические узлы);nodi lymphatici, — пішіні дөңгелек немесе сопақша келген, лимфа тамырларының бойында орналасқан, лимфоциттердің түзілу процесі (лимфоцитопоэз) жүретін шеткі қантұзу мүшесі. Лимфа түйіндері сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Ол коллаген талшықтарынан, аздаған эластин талшықтарынан және миоциттерден құралған. Дәнекерүлпалық қапшықтан лимфа түйіндері ішіне тарала енетін дәнекерүлпалық перделікгер бір-бірімен торлана жалғасып, лимфа түйіндерінің негізін (стромасын) құрайды. Олардың аралықтарында лимфа түйінінің негізгі қызметтерін атқаратын оның паренхимасы орналасады. Паренхиманың негізін ретикулалы ұлпа құрайды. Лимфа түйіндері сыртқы — қыртысты заттан, ішкі — бозғылт заттан және осы заттардың аралығындағы — қыртысмаңы (паракортикальды) аймақтан тұрады. Қыртысты затты лимфобласттардан, макрофагтардан, дендритті жасушалардан және лимфоциттерден түзілген лимфа түйіншелері және қапшық пен түйіншелер аралығындағы шеткі қойнау құрайды. Бозғылт затты перделікгер, орталық қойнаулар, лимфоидты ұлпадан құралған жүмсақ баулар түзеді. Қыртысмаңы аймағын перделікгер, аралық қойнаулар мен төменгі лимфа түйіншелері және жұмсақ баулар құрайды. Шеткі, аралық және орталық қойнаулармен ретикулалы ұлпа арқылы лимфа сүзіле ағып, механикалық және биологиялық тазартулардан өтеді. Лимфа түйіндерінде фагоцитоз арқылы бөгде заттар жойылады, Т-және В- лифоциттер, иммунды денелер түзіледі. Лимфа түйіндері организмдегі қорғаныс және қантұзу қызметтерін атқарады.[1]