Лекция: Бауырдың қанмен қамтамасыз етілуі. Бауыр ішінде артериялардың тармақталу заңдылықтары, практикалық маңызы.

A. hepatica communis – Бауырдың қанмен қамтамасыз етілуі, ұйқы безі басының жоғарғы жиегі бойымен duodenum жоғарғы жоғағы жиегіне келеді, осы жерден a.gastriduodenalis- ті бергеннен кейін ол a.gepatica propria (бауырдың меншікті артериясы) д.а-да lig. Hepatoduodenale- нің екі жапырақшасы арасында орналасса, бауыр қақпасына барады, ол байламда v.portae- ден алға, ductus choledochus-тен солға қарай жайғасады. Бауыр қақпасында a.hepatica propria, ramuz dexter J/E r.sinister-ге бөлінеді, ramus dexter, ductus hepaticus communis- тің ductus cysticus –пен қосылатын жерінде өтқуық артериясын a.cystica береді. A.hepatica communis H/ce a.hepatica propria-дан асқазанның кіші иініне a.gastrica sinistra- ға қарсы, оңнан солға қарай жүретін тармақ – a.gastrica dextra шығады. Жоғарыда аталған a.gastrodupdenalis, duodenum-ның артына өтіп, екі тармаққа бөлінеді: a.gastroepiploica dextra, оңнан солға қарай асқазанның үлкен иінінің бойымен жүреді, асқазанға және өзі алдыңғы қабырғасымен өтетін шарбыға тармақтар береді; aa.pancreaticoduodenalis superiors, pancreas –тың басында және duodenum –ның төмендеуші бөлігінде тармақталады .

Асқазанның, он екі елі ішектің және ұйқыбездің қанмен қамтамасыз етілуі.

Жоғарғы шажырқай артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары. Аш және мықын ішектердің қанмен қамтамасыз етілуі.

A.mesenterica superior – жоғарғы шажырқай артериясы, құрсақ сабауынан іле-шала төмендеу жерде қолқаның алдыңғы бетінен шығады, төмен және алға қарай, алдыңғы жағынан ұйқы безінің төменгі жиегі және артқы жағынан он екі елі ішектің горизонталды бөлігі арасындағы саңылауға келіп жіңішке ішектің шажырқайына еніп, оң жақ мықын шұңқырына түседі .

A.mesenterica superior- тің тармақтарыы :1) a.pancreaticoduodenalis inf. duodenum-ның ойыс жағымен оңға қарай aa.pancreaticoduodenales superior- ке қарсы; 2) a.intestinales. aa.mesenterica superioris – тен 10-16 тармақ болып солға аш ішеекке және мықын ішекке қарай щығады, жолында олар 2-ге бөлініп, көрші тармақтары бір-бірімен қосылады да, содан келіп aa.jejunales бойында доғалардың үш қатары, aa.ilei бойында екі қатары пайда болады. Доғалар ішектің кез келген қалпы мен қозғалыстары кезінде оған қан келуін қамтамасыз ететін функционалдық бейімделу болып табылады. 3) a. ileocolica. a.mesenterica superior –дан оңға қарай шығып, intestinum ileum-нің төменгі жағын және соқыр ішекті тармақшалармен қамтамасыз етіп, мықын ішектің соңғы бөлігінің артынан өтетін құрт тәрізді өсіндіге a.appendicularis –ті жібереді; 4) a.colica dextra -ішастардың артқы жағынан colon ascendens-ке бағыт алып, соның қасында 2: жоғары көтерілген – төмен кететін тармақтарға бөлінеді. 5) a .colica media .mesocolon transversum жапырақтарының арасында өтіп, көлденең тоқ ішекке жетіп, оң жақ және сол жақ тармақтарға бөлінеді, олар сәйкес жақтарға ажырай кетіп, оң тармақ – a .colica dextra. cол тармақ a.colica sinistra – мен жалғасып кетеді .

Төменгі шажырқай артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары. Тоқ ішектің қанмен қамтамасыз етілуі. Риолан доғасының қалыптасуы, оның практикалық маңызы.

A.mesenterica inferior – т.ш.ар-сы, ІІІ- бел омыртқаның төменгі жиегі деңгейінен шығып және шамалы солға қарай бағыт алып, ішастардың артқы жағында сол жақ бел бұлшықетінің алдыңғы бетінде орналасады

Т.ш. артериясының тармақтары: 1) a.colica sinistra – екі тармаққа бөлінеді: жоғары көтерілген тармақ flexura coli sinistra – ға қарай жүріп, a.colica media-мен кездеседі және aa.sigmoideae- мен қосылатын төмен кететін тармақ. 2) aa.sigmoideae — әдетте colon sigmoideum –ге баратын екі артерия, жоғары көтерілетін және төмен кететін тармақтары. 3) a.rectalis superior – мен жалғасады. Соңғы артерия a.mesenterica inferior – дың жалғасы болып табылады. Colon sigmoideum шажырқай түбінде орналасып, алдыңғы жағынан a.iliaca communis sinistra – ны кесіп өтіп, кіші жамбас астауына түседі де, aa.sigmoideae –мен, сондай-*ақ a.rectalis media –men. a.iliaca interna –дан қосылатын, тік ішекке баратын бүйір тармақтарға тармақталады .

Aa.colicae dextra et sinistra және a.iliaca interna –дан шығатын aa.rectalis тармақтарының өзара қосылуы нәтижесінде тоқ ішектің өн бойында бір-бірімен байланысқан анастамоздардың тұтас тізбегі қосарлана жүреді .

еще рефераты
Еще работы по биологии