Доклад: КЛЕТКАНЫҢ НЕГІЗГІ МЕМБРАНАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
1. Плазматикалық мембрана. Плазматикалық мембрана клетканысыртқыортаданшектейді. Оныңқұрамынаарнаулыкомпоненттеркіреді, олар клетка аралықконтакттарғажәнеәрекеттесулергеқатысады, гормандықжауабыжәнемолекалардыңалмасуыүшінжауап береді.2. Ядролық мембрана. Интерфазалыққалыптағыклетканыңядролықмембрананыңтүрі – екіэлементарлы мембрана, арасынаперинуклеарлыкеңістік. Морфологиялықбелгісі – саңылаутүрліқұрылымдар /диаметрі – 600А./ Олароктагоналдытордықұрайтын, морфологиялықкомпоненттердентұрады. Бұлқұрылымдарорналасқанжердеішкіжәнесыртқыядролықмембраналарқұйлғанболыпкөрінеді. СаңылаулармРНК-ақуызкомплексінеядроданцитоплазмаға ал реттеушіақуыздарғакеріқарайөтугемүмкіндікбередідеп саналады.3. Эндоплазмалықретикулум (ЭР) – цистерна жәнетүтікшетәріздіқұрылымдардыңкүрделіжелісі. Олжануарлардыңклеткасыныңішкікөлемініңедәуірбөлігінқамтиді. Негізгіролі – ақуыздарбиосинтездендірілетінорын, оларсоданкейіншығарыладыжәнелизосомаларға не плазмалықмембранағакіреді. Клетка үшінқауіптуғызатынгидролиздікферменттер ЭР-да процессингкеұшырайды. ЭР-мен рибосомаларқатынаста /бұжырлы ЭР/. Құрамынарибосомаларкірмейтін, ЭР-ныңоблыстарымайда ЭР болыпаталады. Мұндастеролдардыңбиосинтезі, детоксикацияжәне май қышқылдардыңденатурациясыжүзегеасырылады. Бұлпроцестерb5және Р450 цитохромдардыңқатысуыменжүретін, электрондардыңалмасуыныңжүйесінекіреді
4. Гольджи аппараты.Бұл органелла жалпақ қаптардан /цистерналардан/ тұрады. Негізгі функция – эндоплазмалық ретикулумда синтездендірілген, гликопротеиндерді посттрансляциялық модификациялау. Олар содан кейін плазмалық мембранаға кіреді және лизосомаларға жеткізіледі. Бұл органеллалардың құрамына гликозидазалар және гликозилтрансферазалар кіреді, олар ақуыз процессингке ұшырағанда, Гольджи аппаратының басынан /цис-облыс/ оның аяғына барады /транс-облыс/5. Лизосомалар. Бұл органеллалар макромолекулалардың деградациясы үшін жауапты және оның құрамына протеазалар және липазалар сияқты гидролитикалық ферменттер кіреді. Эндоцитозбен және фагоцитозбен алып қалынған заттар лизосомаларға везикулалар арқылы жеткізіледі. Лизосомаларда клеткалық компоненттер ыдырайды. 6. Пероксисомалар. Бұл органеллалардың құрамына тотықтандыратың ферменттер кіреді, олар АМҚ, ксантин және МҚ сияқты кішкене молекулаларды деградацияға ұшыратады. Пероксисомалардың құрамына асқын тотықтарды ыдырататын каталаза кіреді, сондықтан оларды солай атап кеткен.7. Митохондриялар. Бұл органеллаларда тотықтандыру фосфорлендіру жүзеге асырылады, оның нәтижесінде сукцинат сияқты субстраттың тотықтануының нәтижесінде АТФ пайда болады. Митохондрияларды екі мембрана құрайды, олардың арасында аралық бар. Митохондриялардың ішкі аймаға матрикс деп аталады. Ішкі мембрана кристалар деп аталатын далдаларды құрайды, олар электрондардың алмасуы мен АТФ синтезіне қатысады. 8. Хлоропласттар. Құрамына фотосинтездік аппарат кіреді. Құрамы — екі мембранадан тұратын, сыртқы қабық және ішкі строма. Строманың ішінде тилакоидтік мембраналар орналасады, олар фотосинтез процесі үшін жауапты.Мембраналар тек қана жартылай өткізетін, пассивті қабықтар емес, олар клетканың бүкіл маңызды функцияларына қатысады, олар бүкіл органеллалардың құрамына кіреді. Адам ағзасының мембраналырың жалпы ауданы – бірнеше жүз гектар.Фотосинтездік және тотықтандыру фосфорлендіру, клеткалардың бөлінуі, зат алмасуы, қозу және жүйке импульсын өткізу, сенсорлық рецепция, эмбриогенез және тағы басқа аса маңызды өмір сүру процесстер мембранардың қатысуымен жүзеге асырылады. Цитоплазмалық мембрананың ішкі жағының және цитоқаңқаның арасындағы байланыс клетканың қозғалуын және функционалды белсенділігін қамтамасыз етеді. Мембраналар олигомерлі ферменттердің және полиферментті комплекстердің топографиясын және ішкі құрамын анықтайды, молекулалардың әрекеттесуі арқылы ферменттердің белсенділік және өзіндік деңгейін реттейді.
Плазмалық және органеллалардың мембраналарында пассивтік өткізудің иондық каналдары (натрийлік, калийлік, кальцийлік, хлорлық, протондық), және олардың электрохимиялық потенциалдарының градиенттеріне қарсы иондарды белсенді түрде тасу жүйелері (натрийлік, протондық, кальцийлік сорғылар) орналасқан, олардың қатысуымен иондық гомеостаз қалпында сақталады. Мембраналдың осы элементтерімен мембраналық потенциалды және жүйке-бұлшық еттер жүйенің спайктік белсенділігін қалыптастыру байланысты. Мембраналарда органикалық заттарды симпорт және антипорт меанизмдері арқылы сұрыптау тасымалдау жүйелері орналасқан /натрий және калий протондарымен бірге/.Мембраналардың кеңістіктік-уақыттық қалыптасуы бірқатар факторлармен байланысты. Мембраналарла құрылымына қарай ерекшеленген, бірақта функционалды біріктірілген матрикстер бар: құрамына интегралды және перифериялық ақуыздар кіретін, липидті биқабат /екі өлшемді құрылым/ және үш өлшемді ақуыздық каркас. Мембраналардың липидті және ақуызды молекулалардың мембраналардың жазықтығында латеральдік жылжу қабілеті өте жоғары.Биологиялық мембраналардың ақуыздары, липидтері және гликопротеидтері жоғары латеральдық гетерогендікпен және көлденең симметриямен сипатталады. Бұнымен функционалды блоктардың кеңістіктік дарашылдығы, тасымалдаушы, рецепторлық механохимиялық комплекстердің кооперациясы, сигналдарды рецепциялауғанда анық шектеу және тағы басқа қабілеттер байланысты. Нативті биомембраналардың липидтері сұйықкристаллды немесе гельдік қалыпта болады. Әртүрлі фазалар пайда болады, олар түрлі липидті молекулалардың гетерогенді таратылуымен сипатталады.Биологиялық мембраналар – термодинамикалық тепе-теңдік жүйелер болып қарастырылады, бірақта мұндай көз қарас объектіге адекватты емес.Клеткалық мембраналар –шекаралық құрылымдар. Олардың қатысуымен затпен және энергиямен алмасу қайтымсыз процестер ағады. Олардытермодинамикалық тепе-теңдіктен алыс «белсенді орта» деп санауға болады. Мұндай тепе-теңсіздік жүйелерде автотолқынды процестер пайда болуы мүмкін. Автотолқындар мембраналарда мембранааралық әрекеттесу үшін да маңыздыЖоғары ағзалардың мембраналары бірімен-бірі гормондар мен нейрондардың көмегімен әрекетке түседі, ал ішкі коммуникацияларды келістіруші молекулалар /екінші қайтара мессенджерлер/ қамсыздандырады. Клеткаға арналған сигналдық молекулалар рецепторларға түседі, алынған ақпаратты мембрана өзгертеді да келістіруші молекулалардың көмегімен клеткалық процестерді реттейді /мысалы, секреция, осу немесе метаболизм/. Сигналды молекулаларды танудың молекулярлы механизмдері және ақпаратты өзгерту механизмдері әлі зерттелмеген.
АТФ синтетазалардағы және ион-тасымалдаушы АТФ-азалардағы электрондонорлы және электронакцепторлы процестерді зерттеу мембраналар биофизиканың маңызды мәселесі болып табылады. Физиканың мембранологияға қосқан үлесі: химиялық және тасымалдау процестердің диссипативсіздік қос кернеулігін қамтамасыз ететін молекулярлық машиналар жайлы ұғым.Сонымен, мембраналар биофизиканың мәселелері болып келесі мәселелер табылады:
1. Мембраналардың молекулярлық құрылымы, функционалдықты анықтайтын, мембраналық құрылымның динамикалық қасиеттері.
2. Клеткадан клеткаға заттарды тасымалдаудағы мембраналардың ролі. Белсенді және пассивті тасымалдаудың және мембрананың құрылымының функционалдығын қарастыру. Құрылым мен функция арасындағыбайланыстыанықтау.
3. Мембрананыңқозуыныңфизикалықтабиғатынтану.
4. Мембраналардыңбиоэнергетикасынзерттеу
5. Рецепция процестердіңфизикасынзерттеу