Доклад: Мүліктік залалды және моральдық шығынды өтеу туралы

 

1999 ж. 24 желтоқсанда жол-көлік оқиғасының нәтижесінде менің күйеуім университет оқытушысы — М.И. Болатов қаза тапты. Жүргізілген тергеу нәтижесінде жүргізуші А.С. Галымовтың кінәлі екендігі анықталды.

Мен азаматтық талапкер деп танылдым және маған мүліктік залалды және моральдық зиянды өтетуге құқығымның бар екендігі түсіндірілді.

Орын алған қылмыстың нәтижесінде маған 410000 (төрт жүз он мың) теңге мүліктік зиян келді., олар келесілерден құралып отыр:

1) жерлеу рәсіміне байланысты берілген садақаға 200 адам қатысты, оған кеткен шығындар қосымша сатып алынған азық-түліктерді санамағанда 80000 (сексен мың ) теңге; Талап арызына тіркелген № 2 асхананың меңгерушісімен берілген анықтамамен расталады;

2) ұлттық дәстүр бойынша берілген садақаларына сатып алынған азық-түліктерге кеткен шығын 100000 (бір жүз мың) теңге. 1999 ж. «29» желтоқсан күнгі № 123 кірістік кассалық ордердің түбіртектерімен расталады.

3) көлік шығындары 30000 (отыз мың). № 191, 192 квитанциялармен расталады.

4) марқұмның басына орнатылған құлпытасқа кеткен шығын 50000 (елу мың) теңге; Талап арызына тіркелген 2000 ж. 10 қаңтар күнгі № 18 квитанциямен расталады.

5) басына бейіт тұрғызуға кеткен шығын 150000 (бір жүз елу мың) теңге; Талап арызына тіркелген 2000 ж. 29 қаңтар күнгі № 52 квитанциямен расталады.

Одан басқа маған және менің балаларыма үлкен моральдық шығын келді.

Мен отбасымның асыраушысынан айырылдым. Екі балам әкесінен айырылды. Күйеуімнің және балаларымның әкесінің қайтыс болуына байланысты біздің қайғымыз бен қасіретімізді мен 1000000 (бір миллион) теңгеге бағалаймын.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде және ҚР ҚІЖК-нің 77-бабына сәйкес 410000 (төрт жүз он мың) теңге мөлшеріндегі мүліктік шығынды және моральдық зиянды өтеу үшін 1000000 (бір миллион) теңгені жауапкерден өндіруіңізді сұраймын.

Қосымша:

1) тергеу бөлімінің хаты;

2) талап арызының мәтіні бойынша анықтамалардың көшірмелері (түп нұсқалары сот отырысына беріледі);

3) жауапкер үшін талап арызының көшірмесі.

 

«30» қаңтар 2000 ж. Л.И. Болатова

 

 

Лгі

еще рефераты
Еще работы по биологии