Доклад: Инструкциялық картаға тапсырма
№ 1 Есеп
Жасөспірім (14 жастағы) Шалтаев орманда заңсыз аң аулап жүрген кезінде ұсталды. Аңшылыққа бақылау жасау қызметкерлері ұсталған адамды орман шаруашылығының ғимаратына алып келіп, бөлек бөлмеге қамап қойды.
Қылмыстық іс жүргізудің қаңдай принциптері бұзылған?
№ 2 Есеп
Мектеп оқушылары Ғалымов (14 жастағы) және Сәбитов (15 жастағы) оқушылардың шешінетін бөлмесінен бірнеше рет ұрлық жасаған. Мектеп әкімшілігінің ұсынысы бойынша сот қылмыстық істі оқу орнының акт залында қараған. Істі қарау кезінде оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар қатысқан.
Қылмыстық іс жүргізу принциптерінің тұрғысынан алғанда соттың іс-әрекеті дұрыс па?
№ 3 Есеп
Жатақхана коменданты Бәлиев маскүнемдікпен күресу мақсатында жұмысшылардың жеке заттарына тексеру жүргізді. Жұмысшылар жоқ кезде комендант, еден жуушы және вахтер олардың тумбочкаларын, шкафтарын және төсек-орындарын тексерген.
Қылмыстық іс жүргізу принциптерінің тұрғысынан алғанда коменданттың әрекеттері заңды ма?
№ 4 Есеп
Сабыркұлов, азамат Матаевты өлтіруге оқталған деген күдікпен ұсталды. Тергеуші почтальонға Сабырқұловтың атына келген барлық хат-хабарларды алдымен полицияға әкеліп, содан кейін ғана күдіктіге тапсыруды ұсынды.
Тергеушінің әрекеттерінің заңдылығын анықтаңыз.
№ 5 Есеп
Аз. Сәрсенбаев өзінің хатшысы Петрованы зорлаған. Тергеуші орын алған қылмыс туралы жәбірленушінің анасынан біліп және жәбірленушінің өзінің тарапынан арыз болмағанына қарамастан қылмыстық іс қозғаған.
Қылмыстық іс жүргізудің қандай принципінің бұзылуына жол берілген?